^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 21 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігінің трансформациясы: қаланы басқару қалай өзгереді
23 қаңтар 2019

Алматы әкімдігінің жаңаруы бүгінгі күні қалада қалыптасқан қоғамдық сұранысқа толық сай келеді. Бұл экологияны жасқартуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жайлы инфрақұрылым мен қаланың тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға деген қажеттілік.

Қазіргі кезде мегаполис жедел дамуда, жоғары сапалы өмір мен үлкен еңбек нарығы жаңа тұрғындарды өзіне көптеп тартуда. Жыл сайын қала тұрғындарының саны орта есеппен 50 мың адамға өсуде. Шетелдік сарапшылардың болжауынша енді 15 жылдан соң қала тұрғындарының саны 3 млн. адамнан асуы мүмкін, ал бұл 700 мыңнан астам адамды жаңа интеллектуалды жұмыс орындарымен қамтып, еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруды қажет етеді. Оның үстіне жоғары сапалы өмірді қалыптастыру үшін еңбек өнімділігі 5%-дан төмен болмауы тиіс.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа реформаның қаланың дамуына тың серпіліс беретінін, әкімдік қызметкерлерінің ойлау қабілетіне оң әсер ететінін, жаңа бағыттарды айқындайтынын атап өтті.

«Бұл күнге біз басты қағидалары озық практикаға негізіделген тиімді экономикалық шешімдерден тұратын «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында үш жыл бойына жүріп келдік. Көптеген реформаларды біз «қолмен басқару» арқылы жүзеге асырудамыз, олар - қоғамдық көлік, цифрландыру, жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыру, қала активтерін басқару. Енді бұлардың барлығын институционалды бекіту және дамыту қажет. Біз жаңа қозғаушы құрылымдарды енгіздік – 50 негізгі драйвер-жобалардан тұратын және оларды арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ету арқылы мониторинг жүргізетін офис қалыптасты. «Кері байланысы» бар цифрлық каналдар пайда болды. Азаматтардың өтінімін және сараланған үлкен мәліметтерді ескере отырып басқару шешімі қабылданады және қала бюджеті жасалады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Мысалы, жаңадан құрылған жасыл экономика басқармасына big data арқылы залалданған аймақты түгел айқындау және нақтылы тұғырнама дайындау, ал жаңадан құрылған мобилділік басқармасына жол қауіпсіздігінің «Almaty Vision zero» бағдарламасын жасау және қабылдау тапсырылды.

Қала басшысы трансформация нәтижесінде барлық басқарламалар мен аудандық әкімдіктердің жұмыстары қайта құрылатынын, алты басқарма таратылып, олардың фнукцияларының өзге құрылымдық бөлімшелерге берілетінін айтты. Ал бұл басқару мен қосымша қызметтерді азайтады және босаған орындар халықпен тығыз жұмыс жасайтын басқармаларға беріледі.

«Біздің басты мақсатымыз қала мен адамның қажеттілігін қамтамасыз ету. Оған дәлел «қоғам», «әлеумет», «қала», «урбанистика» сынды сөздердің тоғыз басқармадан көрініс табуы. Бір ай ішінде әр ведомствоның миссиясы, мақсаты мен міндеті, нақтылы өлшемдегі индикаторлары бекітіледі. Мен сенімдімін, тек сонда ғана біз процесстен нәтижеге деген сананы өзгерте аламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Ол үшін бизнес-процестерді оңтайландыру, цифрлық технология мен корпоративті басқаруды енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша үлкен әрі тындырымды жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетерлігі, бұрындары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған «АлматыБасЖоспар» ҒЗИ базасында Алматының Ситуациялық орталығы – нақтылы уақыт кестесі бойынша қаланы тиімді басқару алаңы құрылған болатын. Аталған жүйеде барлық автотрафиктер, қоғамдық көліктегі күнделікті жолаушылар легінің көлемі, мектептер мен бала бақшалардағы жүктемелік жөніндегі мәліметтер толық жинақталған. Сонымен қатар криминогендік жағдайларға қатысты сараптама жасалып, бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізіледі. Big Data арқылы қаланың түрлі көрсеткіштері: экономиканың тиімділігі, тұрғындардың саны мен құрамы, әлеуметтік-экономикалық дамуға түрі факторлардың әсері жөнінде көп жылдық болжам моделі жасалуда.

Алматы әкімдігінің жаңа басқармаларының тізімі:

1. Қоғамдық даму басқармасы (Ішкі саясат басқармасы, Жастар саясаты басқармасы және Дін істері жөніндегі басқарма)

2. Қала құрылысын бақылау басқармасы (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы)

3. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы (Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы)

4. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы)

5. Жайлы қалалық орта басқармасы (Құрылыс басқармасы)

6. Жасыл экономика басқармасы (Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы)

7. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы (Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы)

8. Қалалық мобилділік басқармасы (Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы)

9. Мемлекеттік активтер басқармасы (Қаржы басқармасы)

10. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы (Сәулет және қала құрылысы басқармасы)

11. Стратегия және бюджет басқармасы (Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы)

12. Тұрғын үй саясаты басқармасы (Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы)

13. Туризм басқармасы (Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы)

14. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (Денсаулық сақтау басқармасы)

15. Мәдениет басқармасы (Мәдениет және мұрағаттар басқармасы)

16. Спорт басқармасы (Денешынықтыру және спорт басқармасы)

17. Жер қатынастары басқармасы

18. Білім басқармасы

Бұлардан өзге, әкім аппараты жанынан Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы, Бірыңғай персоналды дамыту қызметі , Халықаралық ынтымақтастық қызметі және Қоғаммен байланыс қызметі құрылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56