^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 18 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы жеке секторды газдандыру қашан аяқталады
24 қаңтар 2019

Алматы әкімдігінде жеке секторды газдандыру қашан аяқталатыны белігілі болды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Мақсұт Исахов өзінің сөзінде қазіргі кезде жеке сектордың 99%-ның бөлу желілерімен қамтылғанын айтты.

Небәрі 1%-ды құрайтын жеке сектордағы газдандыруға жоспарланған 2217 тұрғын үйдің 200-і газды пайдалануда. Тағы 1000 үй газға қол жеткізіп отыр, қалған 1017 үй ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында газ желілеріне қосылатын болады.

«Барлық жұмысты өткен жылы аяқтау жоспарланған еді, бірақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның конкурстық процедуралары кешеуілдеп өткізілді. Жылу маусымының басталуымен әрі жерді қазып, қала тұрғындарына қосымша келеңсіздік туғызбау мақсатымен әкімдіктің араласуы арқылы жұмыстарды биылғы жылдың көктем - жаз айларында бастау жөнінде шешім қабылданды. Оның үстіне барлық компаниялармен желілерге қосылу бағасын төмендетуге қатысты келісім жасалды. Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Мысалы, ҰОС қатысушыларға газ тегін жүргізіледі, жағдайы төмен және көп балалы аналарға 50%, I,II топта мүгедектерге 30% жеңілдік жасалады», - деп түсіндірді Мақсұт Исахов.

Басқарма басшысы Елбасының тапсырмасын орындау барысында энергияжинақтаушы кәсіпорындар мен инвестициялық бағдарламаларды оңтайландыру арқасында Алматыда коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуге қол жеткенін айтты.

Мысалы, газ тарифі 1 м3 үшін 16%-ға немесе 31,02 ден 26,2 теңгеге төмендеген, сумен қамту 1 м3 үшін 10%-ға немесе 49,61 ден 44,65 теңгеге, судан бөлу 1 м3, үшін 10% немесе 25,71 ден 23,14 теңгеге арзандаған.

Бұлардан өзге, электр тарифі 1 кВт/сағат үшін 2,82%-ға немесе 16,32 ден 15,90 теңгеге, лифт 1 м2 үшін 8,5%-ға немесе 11,79 дан 10,78 теңгеге, ПИК қызметі 6%-ға азайған.

Өз кезегінде есептегіш құралдары бар жеке тұлғаларды жылумен қамту тарифі 1 Гкал үшін 18%-ға немесе с 5 327,78 ден 4 382,05 теңгеге, есептегіш құралдары жоқтардікі 1Гкал үшін 7 267 ден 5 977,04 теңгеге арзандаған.

Мысалы, егер жалпы алаңы 50 кв.м болатын екі бөлмелі пәтерде 3 адам тұрса әрі бұлардың үйінде есептегіш құралдары болса, онда жылуға 9 395 теңге төлеп келген еді, енді бұл сома биылғы жылы 7 704 теңгені құрайтын болады. Есептегіш құрал жоқ үйде төлем 14 199 теңге болатын, енді 11 643 теңгені құрайды.

Атап өтерлік жайт, жылу энергиясының бағасы сараланған тариф бойынша есептеледі. Жылу есептегіші жоқ үйлерде баға маусымның айына байланысты болады. Мысалы, қазанда 1 шаршы метрге 32 теңге төленсе, қаңтар айындағы төлем 233,56 теңге болады.

Жылу есептегіші бар үйлерде жылу мен ыстық суды пайдалану үшін жылу энергиясының қаншалықты жұмсалғаны ескеріледі. Үйлердің ішін 20ºС-ға дейін жылыту үшін жұсалатын жылу да әртүрлі, сондықтан жылу мен ыстық судың бағасы әр үйде әртүрлі.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда монополистер арасында кешенді тексеру жүргізіліп, оның барысында бағалардың еш негізсіз көтерілгені анықталды. Нәтижесінде 1,5 млн. қала тұрғындарының құқықтары қорғалып, 4,7 млрд. теңгенің өтемақы тарифтері енгізілген болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді »»
17 тамыз 2019 - 19:09
17 тамызда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті   Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда. Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. ...
19 тамыздан бастап OpenAlmaty порталында "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады »»
16 тамыз 2019 - 12:19
2019-2020 жылдарға арналған "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады.   Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн. теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімд...
Алматылықтар өз кәсібін ашуға жеңілдетілген несие алады »»
15 тамыз 2019 - 16:20
Алматыда биыл алғаш рет «Бастау» жобасы қолға алынады. Бұл құнды жобаның басты ерекшелігі - кез-келген жұмыссыз немесе ауылдан келіп, жеке ісімен айналысқандар, жасына қарамастан кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие алады.   Курсқа қатысуға ниет білдіргендерді тестілеу 6-7 қыркүйекте басталады. Тыңдаушылар үшін жоба тегін, тіпті оған қатысушыларға бірреттік стипендия беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз- орталығында журналистермен болған бри...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56