^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 23 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі жаңа автобус паркінің құрылыс қарқынын тексерді
24 қаңтар 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде газбен жүретін 200 автобусқа қызмет көрсететін жаңа автобус паркінің құрылыс қарқынын тексерді және №99 бағытты жаңарту үшін алынған жаңа автобустарды көрді.

«Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басшысы Мұхит Әзірбаев өзінің сөзінде Алатау ауданында салынып жатқан автопарк құрылысының 60 пайызының аяқталғанын баяндады. Қазірдің өзінде техникалық қызмет көрсету, автожуу, диспетчерлік қызмет, жатақхана нысандары салынған және бұларға ішкі әрлеу жұмыстары жүруде.

Нысан пайдалануға толық берілгенде 650 жаңа жұмыс орны құрылады. Газбен дәнекерлеу жабдықтары сатып алынды. Биылғы жылдың жаз айларының басында жұмысты аяқтау жоспарланған.

Дәл осы күні мегаполис басшысынаа «Бату travel» компаниясының 130 автобусқа арналған автобус паркінің құрылысы көрсетілді. Жобаға тартылған жеке инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңге. Автопарк Алатау ауданында бой көтереді. Сонымен, Индустриалды аймақ маңында қаланың қоғамдық көлігіне қызмет көрсететін кәсіпорындар кластері пайда болады.

Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек №99 бағытты жаңарту үшін «CityBus» автопаркі сатып алған «Golden Dragon» маркалы автобустарды көрді.

Жаңа үш есікті, төмен еденді, кондиционерлермен, электронды таблолармен, видео камералармен жабдықталған әрі Евро-5 экологиялық стандартқа сай автобустар осы сенбі күні Әйгерім және Көктөбе елді мекендеріне қызмет көрсетуге шығатын болады.

«Бизнесті дамыту үшін біз Алматыға бет бұрдық, мұнда нарық үлкен әрі жайлы инвестициялық ахуал орныққан, оның үстіне тасымалдаушыларға субсидия қарастырылған», - деді «CityBus» ЖШС өкілі Амангелді Әбдірахманов.

Айта кетерлігі, Алматыда жүзеге асқан көлік реформасы барысында 2018 жылы қала бағыттары бойынша 500 жаңа автобустар жүре бастады. Биылғы жылы қаланың автобус паркі қосымша жаңаратын болады. Сонымен қатар, «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржысы есебінен газбен жүретін тағы 200 жаңа автобус алынады.





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56