^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 29 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы қалай орындалуда
25 қаңтар 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік бағдарламалар мен Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының қалай орындалып жатқаны жөнінде кеңейтілген жиын өткізді.

Жыл қорытындысы бойынша Алматыда барлық негізгі көрсеткіштер орындалды. Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мегаполис аумағында 323,8 мың. шаршы метр немесе 4 725 пәтер тұрғызылды. Биылғы жылы тағы да қосымша 340 мың шаршы метр тұрғын үй қорын іске қосу жоспарланған. Президенттің «7-20-25» бағдарламасы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде еліміз бойынша түскен өтінімнің 25%-дан астамы тікелей Алматыға тиесілі. Айта кетерлігі, соңғы жылдары 2 млн. шаршы метр немесе 11,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы да 2,1 млн. шаршы метр үй салынады.

Шағын және орта бизнес субъектілері даму үстінде. Қала осы салада жұмыс жасайтындардың саны бойынша бірінші орында нық тұр. 9 айдың қорытындысы бойынша ШОБ 4,7 трлн. теңгенің өнімін шығарған, өсім 21,2% және еліміз көлемінде шығарылған өнім үлесі – 26,4%, яғни республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Білім саласында да оң динамика қалыптасты. Қалаға қосылған елді мекендердегі интенсивті миграция мен туу қарқыны есебінен мектептегі орын жетіспеушілігі мен балабақша кезегін азайту үшін 2018 жылы Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп пайдалануға берілді, үш мектеп жанынан 1400 орынды қосалқы нысандар және 730 орынды үш мемлекеттік балабақша іске қосылды. Бұлардан өзге, жыл қорытындысы бойынша 2,5 мың орынды 6 жеке мектеп және 4936 орынды 170 жеке балабақша ашылды.

Қаңтар айының соңында 440 орынды тағы екі мемлекеттік балабақша пайдалануға беріледі. Алатау ауданында 600 орынды мектеп және 360 орынды 3 мемлекеттік бала бақша салынуда. Мемлекеттік-жеке әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында оқушылар тығыз орналасқан орталықтағы 4 мектеп жанынан қосалқы оқу корпустары салынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша студент жастардың жағдайын жақсарту мақсатында Алматыда 1200 орынды 3 жатақхана салынды, оның біреуі модернизацияланған. Жыл соңына дейін 2680 орынды 5 жатақхана құрылысы аяқталады және 6300 орынды 12 жатақхана құрылысы қатар жүреді. Жалпы, 2020 жылға дейін 19 480 орынды 42 жатақхана салынып, пайдалануға беріледі.

Жиын барысында Алматы әкімі қаланы газдандыру қарқыны, соның ішінде жеке секторға газ беру туралы ақпаратты тыңдады. Қала әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев газ желісіне абоненттердің 99%-ның қосылғанын, жеке сектордың небәрі 1 пайызын құрайтын 2217 тұрғын үйдің 200-іне газ берілгенін, тағы 1000 үйге газ желісінің тартылғанын, қалған 1017 үйдің биылғы жылдың үшінші тоқсанында газ желілеріне қосылатынын айтты.

Дегенмен Бауыржан Байбек тиісті инфрақұрылымды жүргізіп қана қоймай, жеке сектордың газға толық көшуін қамтамасыз етудің ерекше маңызды екенін атап өтті. Қазіргі кезде кейбір тұрығндар үйлерін ауаға залалды материалдармен, сапасыз көмірмен, резеңкемен және басқалармен жылытуда.

Қала экологиясын түбегейлі жасқарту қажеттілігін ескере отырып Алматы әкімі табиғатты қорғау прокуратурасымен бірге осы мәселені тексеруді тапсырды.

Айта кетерлігі, барлық компаниялармен газ желілеріне қосу бағасын төмендету бойынша келісім жасалды. Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Мысалы, ҰОС қатысушыларға газ тегін жүргізіледі, жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға 50%, I,II топтағы мүгедектерге 30% жеңілдік жасалады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаевтың онлайн-қабылдауында қалалықтар мәселелердің цифрлық шешімдерін ұсынды »»
28 мамыр 2020 - 19:39
Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн- қабылдау өткізді, оның барысында алматылықтар білім, денсаулық сақтау  мен  қала шарушылығы жүйесінің жұмыстарын жандандыруда АТ-технологияны пайдалануды ұсынды. Бақытжан Сағынтаев өзінің жеке Instagram  парақшасында айтып өткендей, онлайн-қабылдау бірінші кезекте қалалықтар үшін  қолайлы. Қабылдауға жазылғандар жол жүруге және кезекке тұруға уақыттарын текке жібермейді. Қабылдау барысында білім, денсаулық сақтау және цифрлық технология бойынша б...
Алматыдағы білім жүйесі қалай жұмыс істейді
28 мамыр 2020 - 16:23
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған.   Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.   Белгілі болғандай биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілген. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі ны...
28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
28 мамыр 2020 - 15:19
Кіреберістер мен аулалар бойынша 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды. 28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 27 мамыр күні...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz