^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 25 маусым 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының қандай көшелерінде арық желілері реконструкцияланады
29 қаңтар 2019

Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы (Жасыл экономика басқармасы болып өзгереді) аудандар әкімдіктерімен бірге тексеру жүргізіп, 2021 жылға дейін ұзындығы 400 шақырымнан асатын арық желілерін салу мен реконструкциялауға қатысты ЖСҚ дайындау үшін көшелердің тізімін жасады.

Қазірдің өзінде мегаполистің 57 көшесінде арық желілерін салу мен реконструкциялау жұмыстары басталды. Аталған шара қаланың түрлі бөлігінде жауын суларының таралуын жақсартуға бағытталған.

Жалпы соңғы үш жыл ішінде Алматыда 300 шақырымнан астам арық желілері салынды, реконструкцияланды, тоғыз өзеннің арнасы қайта жасалды, су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 67 ден 12-ге азайды. Қарғалы өзенінің ұзындығы 7,7 шақырым болатын арнасы бекітілді және абаттандырылды. ГЭС1-БАО мен Медеу-Шымбұлақ шатқалдарына мықты бекіністер орнатылды.

Бұлардан өзге, Алматыда жаңадан екі «Ақсай» және «Аюсай» су бөгеттерін салу жоспарланған, «Мыңжылқы» су бөгетін реконструкциялау аяқталып қалды. Ерменсай, Кереңқұлақ, Үлкен және Кіші Қарасу сынды төрт өзен мен ұзындығы 1,8 шақырым болатын Есентай өзенінің арналары бекітіліп, абаттандырылды.

Арық желілері реконструкцияланатын және салынатын көшелердің тізімі.

 

Алмалы ауданы:

  • Бөгенбай батыр мен Наурызбай батырдан Розыбакиевке дейін
  • Қарасай батыр мен Нұрмақовтан Радостовецке дейін (солтүстік)
  • Қарасай батыр мен Масанчиден Шәріповке дейін (солтүстік)
  • Шагабутдинов пен Мақатаевтан Төле биге дейін
  • Байзақов пен Шевченкоден Райымбектегі коллекторге дейін
  • Кавказская мен Тілендиевтен Циолковскийге дейін
  • Брусиловский мен Васнецовтан Төле биге дейін (батыс)
  • Түркебаев пен Абайдан Төле биге дейін (екі жағы)
  • Волховский мен Кавказскийден Райымбекке дейін
  • Бекетов пен Тілендиевтен Бородинаға дейін
  • Бородина мен Бекетовтан Райымбекке дейін
  • Панфилов пен Жібек жолынан Райымбекке дейін
  • Мәуленов пен Абайдан Шевченкоға дейін
  • Мәуленов пен Қарасай батырдан Бөгенбай батырға дейін
  • Амангелді мен Абайдан Құрманғазыға дейін
  • Жұмалиев пен Жамбылдан Гогольге дейін
  • Нұрмақов пен Төле биден Гогольге дейін
  • Исаев пен Төле биден Гогольге дейін
  • Чайковский мен Маметовадан Райымбекке дейін
  • Шагабудинов пен Абайдан Құрманғазыға дейін
  • Гоголь мен Жұмалиевтен Әуезовке дейін
  • Айманов пен Құрманғазыдан Шевченкоға дейін
  • Аносов пен Төле биден Райымбекке дейін
  • Әйтеке би мен Шагабудиновтен Қожамқұловқа дейін
  • Шевченко мен Жароковтан Радостовецке дейін
  • Шевченко мен Қожамқұловтан Мұқановқа дейін
  • Сейфуллиннен Райымбектегі коллекторға дейін

 

Бостандық ауданы:

  • Арайлы мен Ремизовкадан Желтоқсанға дейін барлық бұрылыстарымен қоса
  • Таужиегі мен Арайлыдан Әсем тау коттедж қалашығының жоғары бұрылысына дейін
  • Центральный мен Жұлдыздан Талдыға дейін
  • Талды мен Центральныйдан Желтоқсанға дейін
  • Желтоқсан мен Бағанашыл ықшам ауданының Шығысынан Талдыға дейін
  • Сүйінбай мен Желтоқсаннан торапқа дейін
  • Райымбек пен Желтоқсаннан Ерменсай ықшам ауданына дейін
  • Жер асты коллекторы Көктау, Таңнан Әл-Фарабидің оңтүстігі мен Ремизовкаға баратын жолдың батысы
  • Жамбыл көшесі
  • Талапты мен Прифермскаядан Желтоқсанға дейін
  • "Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Комсомольская мен Райымбекке дейін
  • "Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Алатау мен Райымбектен Тау жазығы тұрғын кешеніне дейін
  • "Ақтөбе, Аққайың" ықшам аудандары, Райымбек пен Комсомольскийден Алмалыға дейін

 

Жетісу ауданы:

  • Ангарский мен №53 үйден Есентай өзеніне дейін
  • Маркелов Летняядан Есентай өзеніне дейін
  • Айнабұлақ-2 мен №20 үйден Есентай өзеніне дейін
  • Райымбек пен Крыловтан Кудеринге дейін
  • Павлодарская мен Палладиннен Есентай өзеніне дейін
  • Ангарский мен зираттан Есентай өзеніне дейін
  • Панфилов пен №14 үйден торапқа дейін
  • Сейфуллин мен 1 жолөткізгіштен коллекторға дейін
  • Ратушный мен Рысқұловтан Қазыбаевқа дейін
  • Сыпатаев пен №16 үйден Гастеллоға дейін
  • Рысқұлов пен Жангелдиннен науаларға дейін

 

Түрксіб ауданы:

  • Спасская мен Земнуховтан Бекмахановқа дейін
  • Земнухов көшесі

 

Медеу ауданы:

  • Оспанов пен Жамақаевтан Есентай өзеніне дейін
  • Жамақаев пен Иваниловтан Әл-Фарабиге дейін
  • Назарбаевтың Мем. Музейінің, Меңдіқұлов, Жолдасбеков көшелерінің жол жиектері
  • Чаплин мен Клубнаядан өзенге дейін
  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылады »»
19 маусым 2019 - 14:32
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шәмші Қалдаяқов пен Балуан Шолаққа болашақта орнатылатын ескерткіштердің эскиздерімен танысты. Барлық жобаларды комиссия ашық конкурсқа түскен 50-ге жуық өтінімнің арасынан таңдап алды. Мысалы, Шәмші Қалдаяқовтың қола ескерткіші жыл аяғына дейін Республика Сарайы мен Қазақстан қонақүйі арасындағы скверге қойылады. Ал, қазақтың аты аңызға айналған палуанының скульптурасы Абай даңғылы бойындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының алдына орнатылады. Қазақ фольклоры кейіпкерлері...
Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды »»
19 маусым 2019 - 13:46
Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасы...
Алматыда түлектердің жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі өтті »»
18 маусым 2019 - 18:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы «Жас түлек-2019» фестивалі барысында мектеп бітіруші түлектерді аттестат алуларымен және «Алтын белгі» иелерін құттықтады. Мегополисте биылғы жылы орта мектепті 8250 түлек бітірді, олардың ішінде «Алтын белгі» алғандар – 478 оқушы. «Сендердің білімге деген құштарлықтарың, табанды әрі ерен еңбектерің жоғары марапат – «Алтын белгімен» бағалануда. Араларыңда оқушылардың республикалық, халықаралық олимпи...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13