Алматы әкімі «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0» форумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
01 ақпан 2019
Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін қалада ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары қатысқан «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0» форумы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Халықаралық Паралимпиялық комитет президенті Эндрю Парсонспен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде мегаполисте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту және спорт арқылы олардың белсенділігін арттыру талқыланды.
Дәл осы күні Бауыржан Байбек Алматы қаласында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша бірқатар оң шешімдерді ұсынған француздың «Linagora» компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Александр Запольскиймен кездесті. Аталған компания өз елінде e-Gov мен ашық кодты бағдарламаларды енгізумен айналысады. Олардың клиенттері арасында Францияның Қаржы және экономикалық даму министрлігі, Франция Банкі және басқалары бар.