^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 28 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
04 ақпан 2019

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Марат Сембеков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастаған. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде, республикалық бюжеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеген.

2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының орынбасары болған.

2015 жылдан 2019 жыл ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Марат Сембеков қала әкімінің орынбасары лауазымында кіші және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, тұрғын үй саясаты, Алматының энерготиімділігі және инфрақұрылымдық дамуы мәселелеріне басшылық жасайды.

Өз кезегінде бұған дейін қала әкімінің орынбасары болған Алмас Мәдиев директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыдағы білім жүйесі қалай жұмыс істейді
28 мамыр 2020 - 16:23
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған.   Бұл туралы қала әкімдігінде өткен брифинг кезінде Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты.   Белгілі болғандай биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілген. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі ны...
28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
28 мамыр 2020 - 15:19
Кіреберістер мен аулалар бойынша 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды. 28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 27 мамыр күні...
28 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
28 мамыр 2020 - 11:59
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр. Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш. Бостандық ауданы бойынша: әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шаршы аумағы. Жетісу ауданы...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz