^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімдігі көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша 5 жүйелі шараларды ұсынды
13 ақпан 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту сынды қолдау көрсету жүйесінің бірқатар қалалық шараларын атап өтті.

Ол өзінің сөзінде қолдауға зәру тұрғындарға адрестік тікелей және жанама әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Қысқа мерзім ішінде көмекті қажет ететін жандардың барлығын толық анықтап, тіпті әр отбасын аралап, оларға бірінші кезекте не қажет екенін білген жөн, сонымен қатар тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің жеке жол картасын жасауға тиіспіз. Бұл бір реттік акция емес, бұл іспен біз жүйелі түрде айналысамыз», - деді Бауыржан Байбек.

Көпбалалы отбасыларға заңнамалық және психологиялық кеңестердің, реабилитациялық көмектің, қарапайым адами жүздесудің қажет екенін ескере отырып мегаполис әкімі қалалық «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруды және көпбалалы аналардың осы аттас орталығын құруды ұсынды. Бұл бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын сервистік орталық болып табылады, осы арқылы көпбалалы аналар жұмыспен қамтылады.

Тұрғын үй көпбалалы аналар үшін ең өзекті мәселе. Қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, алғашқы жарнамалық қаржыны төлеуге олардың мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар үшін алғашқы жарна төлемін субсидиялау қарастырылатын болады.

«Көпбалалы отбасылардың өткір проблемаларының бірі - коммуналдық қызмет төлемі. Қалада қолдау көрсету бойынша түрлі төлемдердің кең спектрі қалыптасқан. Дегенмен, көпбалалы отбасыларға көрсетілетін түрлі өтемақылар көлемін тағы бір қарап шығып, олардың үйлеріне ыстық және суық су есептегіш қондырғыларын орнатуға кететін шығындарды да назарға алған жөн», - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис басшысы мүгедек балаларды үйде оқыту және өмірлік қиын жағдай туған кезде бір реттік көмек ретінде берілетін адрестік әлеуметтік төлемдердің көлемін ұлғайту мәселесін қарастыруды тапсырды. Бауыржан Байбек тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап бала бақшаға жұмсалатын шығынға төлемақы беру мәселесін зерттеуді де ұсынды.

«Адрестік көмекке, белгілі болғандай, жұмыспен қамту және оқыту формасы енеді. Сондықтан тұрмысы төмен отбасылар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұлғайтып, стипендия төлейтін қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастырған жөн», - деп атап өтті ол.

Әлеуметтік әл-ауқат, Стратегия және бюджет басқармаларына және басқа да құзырлы органдарға бір апта ішінде осы мәселе бойынша жұмыс жасау және нақтылы ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Айта кетерлігі, Алматы бюджеті әлеуметтік бағытқа негізделген және халықты әлеуметтік жағынан қамтуға бөлінетін қаржы жыл санап арта түсуде. Қазіргі кезде бюджеттің 50%-дан астамы немесе 200 млрд. теңгеден астам қаржы денсаулық сақтауға, білімге, тұрмысы төмен жандарға көмек көрсетуге, коммуналдық шығындарды субсидиялауға, түрлі жәрдемақыларды төлеуге жұмсалуда.

«Нұр Отан» фракциясы мәслихатта түрлі әлеуметтік мәселелерді көтереді. Олардың ұсыныстарының барлығы жергілікті атқару органдарында оң шешімін тауып, қалада іске асуда.

Мысалы, 2016 жылдан бастап партия фракциясының бастамасы бойынша бала бақшалар төлемдері 27 ден 15 мыңға азайды. Бұл мақсат үшін бюджеттен жыл сайын 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді, мұнда 60 мың отбасы қамтылған. Соңғы төрт жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс есебінен бала бақшадағы орындар саны 3 есе артты немесе 4,7 мыңнан 15,5 мыңға өсті. Жалпы, бала бақша орындарын субсидиялау үшін жыл сайын 18 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл цифр үш жыл ішінде 2 есе өсті.

Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың 11 сыныпқа дейінгі балалары тегін тамақтанады және мектеп формасымен қамтамасыз етіледі. Мұндай қажеттіліктерге қала жыл сайын 800 млн. теңгеден астам қаржы бөлуде. Тұрмысы төмен отбасылардың 4 мыңнан астам балаларының тегін демалысын ұйымдастыруға жыл сайын 230 млн. теңге қарастырылған.

Бұлардан өзге, соңғы 4 жыл ішінде партия ұсынысы бойынша көпбалалы отбасылардың мүшелері, мектеп, колледж оқушылары ЖОО студенттері мен зейнеткерлер жолақының жеңілдетілген 50 пайызын ғана төлейді, бұған жыл сайын 5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Жеңілдікпен 350 мыңнан астам адам қамтылған.

Партия ұсынысы бойынша түрлі өтемақылар төленуде. Мысалы, 2,3 мың отбасыға, оның ішінде көпбалалы жанұялар да бар, коммуналдық қызмет шығындары өндіріліп берілді. Осы категориядағылардың үйлеріне есептегіш коммуналдық қондырғыларды орнату шығыны өтелуде. Бүгінгі күні 1000-нан астам отбасыға 50 млн. теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілді.

Бұлардан өзге, өткен жылы партияның қалалық Бюросында қала монополистерін тексерген прокуратураның құжаттары көпшіліктің қатысуымен қаралған болатын. Нәтижесінде заңсыз есептелген 4,5 млрд. теңге тұтынушыларға қайтарылды.

Жалпы, үш жыл ішінде тарифтерді көтермей, ұстап тұру үшін 6 млрд. теңге бөлінді, 800 км. желі жөнделді. Қазіргі кезде 1,5 млн. адам немесе қала тұрғындарының 80%-ы коммуналдық қызметті төменгі тариф бойынша төлеуде. Егер әкімдік субсидия бөлмегенде тұрғындар үш жыл бойына тек жылудың өзіне ғана 35%-ға көп төлейтін еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада ПИК-тер қызметінің, лифттің тарифтері азайды. Коммуналдық төлемнің басым бөлігін жылуға ақы төлеу құрайтындықтан партияның ұсынысы бойынша жылумен қамтасыз ететіндер шығынын компенсациялау үшін әкімдік резервтен 1,5 млрд. теңге бөлуді жоспарлаған болатын. Нәтижесінде жылумен қамтамасыз ету тарифі 18%-ға азайды. Алматылықтар төмен тарифтер бойынша келген жаңа төлемдерді көрді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының автобус паркі 100%-ға дейін жаңарады
22 мамыр 2019 - 15:41
Алматыда қалалық көлік рефермасының аралық қорытындысы шығарылды. Үш жыл ішінде 1113 жаңа автобустар сатып алынды, еліміздегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршэринг пен велопрокат қызметі енгізілді. Метроның екі жаңа бекетінің құрылысы жалғасуда және LRT жеңіл рельсті трамвай жобасы жүзеге асуда. Бүгінгі күні Алматының автобус паркі 80%-ға жаңарды. Бұған қаржыны көлеңкелі айналымнан шығаруға ықпал еткен «Оңай» жүйесі арқылы қолжетті. Қазіргі кезде барлық транзакцияның 97%-ы қолма-қол ақысы...
Алматыда әлеуметтік қызметтің Бірыңғай орталығы пайда болады »»
21 мамыр 2019 - 20:18
Алматы әкімі Бауыржан Байбек әлеуметтік қызметтің Бірыңғай орталығы орналасатын ғимаратты қарап шықты. Абай мен Достық даңғылдарының қиылысындағы нысанда күрделі жөндеуден өткен соң open-space форматында Әлеуметтік әл-ауқат және Тұрғын үй саясаты басқармалары, сонымен қатар Алматы халқын еңбекпен қамту Орталығы жайғасатын болады. Қазіргі кезде мегаполисте түрлі әлеуметтік қызмет алатын 300 мыңнан астам адам тұрады. Олар түрлі мекемелерде көрсетілетіндіктен, халық олардың көпшілігін біле бермейді. Бірыңға...
«Алматы-Ұзынағаш» теміржол бағыты күніне екі рет қатынайтын болады »»
21 мамыр 2019 - 16:04
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алматы-Ұзынағаш» бағыты бойынша жүретін жылжымалы составты қарап шықты. Жолаушы легінің артуына байланысты қала басшылығы қосымша субсидиялау есебінен осы бағыттағы вагондар саны мен қатынау жиілігін көбейту жөнінде шешім қабылдады. Аралық стансалар «Боралдай», «Аксеңгір», «Шамалған» және «Жангелді» елді мекендерінде орналасқан. Қала маңына қатынайтын бағытта күніне 900-ге жуық адам болады, деген...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13