^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау басталды
07 наурыз 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы аналарға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша қалалық жоспарды таныстырды. Мегаполис басшысы ол үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір қазақстандық отбасы реформа нәтижесін болашақта емес, дәл қазір сезінулері тиіс. Аз қамтылған азаматтардың табысын көтеру, баспанаға, сапалы білім мен денсаулыққа қолжеткізулері және өңірлерді дамыту үшін Президент қосымша 2 трлн. теңге бөлуді тапсырды. Президент алға қойған әлеуметтік мәселелерді сапалы орындау үшін Алматыда нақтылы шаралар жоспары, оның ішінде «Бақытты отбасы» қалалық әлеуметтік бағдарламасы жасалды. Бұл – жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы, оқушылар мен студеттердің стипендиясы, әлеуметтік және бірреттік төлемдер, жұмыспен қамту және басқалары. Жалпы, халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсету үшін 5,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді», - деді Бауыржан Байбек.

Енді 11 наурыздан бастап «Бақытты отбасы» арнайы қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылданады. Алғашқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме - 2%. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге қаражаттары жоқ болғандықтан қала бюджетінен 1 млн. теңгенің тұрғын үй сертификаттары бөлінеді.

Алматының көпбалалы отбасылары үшін екінші баласынан бастап бала бақша тегін болады.

20 наурыздан бастап аз қамтылған отбасылардың 4 мыңға жуық оқушыларына алғаш рет стипендия төленеді. Мектеп оқушылары ай сайын 5 мың теңгеден, ал университеттер мен колледждер студенттері 10 мың теңгеден алады.

Қиын жағдайға душар болғандарға берілетін бірреттік төлем көлемі 25 мыңнан 50,5 мың теңгеге көбейеді. 15 наурыздан бастап жәрдемақы көлемі артып, 5 мыңға жуық адамды қамтиды. 15 наурыздан бастап аз қамтылған отбасыларға ыстық және суық су есептегіш құралдарын жеке орнатуға берілетін жәрдемақы көлемі 70%-ға немесе 5 мыңнан 8,6 мыңға өседі. Бұлардан өзге, аз қамтылғандар тобына коммуналдық қызметке кететін шығынның орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы көлемі 5%-ға дейін артады.

1 наурыздан Алматыдағы жұмыссыз аналарды оқыту және кәсіби дайындау шаралары басталды әрі оларға 16,7 мың теңге көлемінде стипендия беріледі. Қалада жастар практикасы, субсидия бөліп жұмыспен қамту, жалақысы 63 мың теңгелік әлеуметтік жұмысқа тарту шаралары ұйымдастырылуда.

Бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын көпбалалы аналар Орталығында құқықтық және психологиялық кеңестер беріледі, реабилитациялық көмек көрсетіледі, орталық 1 сәуірден бастап есігін ашады. Мұнда көпбалалы аналар еңбекпен қамтылады, мини - бала бақшалар ұйымдастырылады.

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мегаполисте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалға берілетін, оның ішіне көпбалалы отбасылар да кіреді, 40 мыңнан астам пәтерлер құрылысы басталатынын айтты.

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін күн көріс көрсеткішінен 70%-ға дейін көтеру барысында Алматыда оны алатындар саны 2 699 дан 4000 адамға өсті. Мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін төлем көлемі 31,1 мыңнан 41,6 мыңға артты. Бұл шара 7 394 адамды қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматының бюджеттік саласындағы 30 мыңнан астам қызметкерлердің жалақысын 30%-ға дейін көтеру жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда 27 фонтандар салынды және қалпына келтірілді »»
24 мамыр 2019 - 15:03
Алматыда жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында жаңа субұрқақтар салу мен «ұмыт болғандарын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Құрманғазы атындағы консерватория ғимараты алдындағы ең көне музыка аспабы - домбыра түрінде жасалған фонтанды көрді. Қаладағы алғашқы субұрқақтар 1948 жылы Абай атындағы МАТОБ ғимараты жанындағы скверде пайда болған еді. Қазіргі кезде Алматы аумағында100-ге жуық фонтандар бар. Соңғы үш жыл ішінде 27 фонтан салын...
Қазақстанда алғаш рет орфанды ауруларға қымбат дәрілерді автоматтандырылған жүйе беретін болады  »»
23 мамыр 2019 - 17:15
«Алматы - Адалдық Алаңы» жобасы аясында мегаполисте алғашқы автоматтандырылған медициналық аппарат – дәріхана роботы іске қосылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық онкология орталығында болғанда азаматтарды өмірлік мәні бар препараттармен қамтамасыз етудегі және жемқорлықтың алдын алудағы жаңа цифрлық әдіске баға берді. «Дәріхана роботы» - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоба, оның көмегімен онкология сырқатына шалдыққандарға қымбат дәрілер берлетін болады. Дәрігер...
Алматыда XVI Еуразия Медиа форумы өтуде
23 мамыр 2019 - 13:50
Алматыда әлемнің 50 елінің 600-ден астам өкілдері жиналған XVI Еуразия Медиа форумы өтуде. Танымал журналистер, белгілі қоғам қайраткерлері мен беделді саясаткерлер Қазақстан мен халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени дамуының маңызды мәселелерін талқылауда. Форумға қатысушыларды құттықтаған мегаполис әкімі Бауыржан Байбек 17 жыл бұрын алғаш Алматыда тұсауы кесілген Еуразия Медиа форуымының бүгінде медиа саласының кәсіптік өзекті мәселелерімен қатар әлем қоғамдастығын тол...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13