^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Алатау ауданындағы 440-тан астам көшелерді салу мен жөндеуге 7 млрд. теңге бөлінеді
07 наурыз 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық бюросының жиынында қалада, сонымен қатар мегаполистің шет аймақтарында абаттандыру, жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуді тапсырды.

Соңғы 10 жыл ішінде қалаға қосылған Алатау ауданын дамытуға билік 434 млрд. теңге бөлді. Соның арқасында мұнда 12 мектеп, 5 емхана, 16 мемлекеттік және 151 жеке бала бақшалар, «Ақбұлақ», «Алғабас-6», «Саялы» ықшам аудандары, бірқатар спорт және мәдени кешендер, оның ішінде «Алматы Арена», «Алатау» дәстүрлі өнер театры бой көтерді. Инфрақұрылымды дамыту үшін 223 км электр, 276 км газ желілері, 688 км су, 453 км кәріз трубалары тартылды. 93 км жол және үш жолайрықтары салынды.

Бауыржан Байбек мұнда асфальтталған жолдың толық салынбағанына назар аударды. Соның салдарынан соңғы айда 110 шағым түскен. Кейбір ықшам аудандарда инженерлік желілерді жүргізген мердігерлердің жауапсыздығынан төзгісіз жағдайлар қалыптасқан.

«Маған Алатау ауданының тұрғындарынан шағым жиі түседі. Адамдарды қинамай, жағдайды түзету қажет. Осыған орай, 12 ықшам ауданда жол салу үшін республикалық бюджеттен жоспарланған 3 млрд. теңгеге қоса Стратегия және бюджеттік жоспарлау басқармасына бірқатар жобаларды оңтайландырып, жергілікті бюджеттен тағы 4 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Аудан әкімі тиісті басқармалармен бірге жұмыстың сапасы үшін жеке жауап бересіз. Мен жиі барып, атқарған жұмыстарыңды тексеріп тұрамын», - деді Бауыржан Байбек.

Осылайша, Алатау ауданындағы «Ақбұлақ», «Қарасу», «Ұлжан-2», «Алғабас-АЗТМ», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2», «Ұлжан-1», «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2», «Томирис», «Дархан-Байбесік», «Көк Қайнар» ықшам аудандарындағы 440-тан астам көшеге ұзындығы 120 км болатын жолдар салынады және жөнделеді.

Айта кетерлігі, жақында Бауыржан Байбек алдағы кезде жөнделетін жолдар мен тротуарларға қатысты жұмыс кеңесін өткізген еді. Биылғы жылы ұзындығы 111 км болатын 120-дан астам көшеге ағымдағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұлардан өзге, мегаполис басшысы ашық қалған люктар мен беті жабылмаған орларға қатысты шағымдардың жиі түсетінін, мұндай келеңсіздіктердің орталық даңғылдар мен аудандық мәні бар көшелерінде орын алғанын атап өтті.

Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев ауа райы қолайлы болса барлық магистральді көшелерде ағымдағы жөндеу жұмыстарының 10 күн ішінде жүргізілетінін хабарлады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда 27 фонтандар салынды және қалпына келтірілді »»
24 мамыр 2019 - 15:03
Алматыда жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында жаңа субұрқақтар салу мен «ұмыт болғандарын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Құрманғазы атындағы консерватория ғимараты алдындағы ең көне музыка аспабы - домбыра түрінде жасалған фонтанды көрді. Қаладағы алғашқы субұрқақтар 1948 жылы Абай атындағы МАТОБ ғимараты жанындағы скверде пайда болған еді. Қазіргі кезде Алматы аумағында100-ге жуық фонтандар бар. Соңғы үш жыл ішінде 27 фонтан салын...
Қазақстанда алғаш рет орфанды ауруларға қымбат дәрілерді автоматтандырылған жүйе беретін болады  »»
23 мамыр 2019 - 17:15
«Алматы - Адалдық Алаңы» жобасы аясында мегаполисте алғашқы автоматтандырылған медициналық аппарат – дәріхана роботы іске қосылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық онкология орталығында болғанда азаматтарды өмірлік мәні бар препараттармен қамтамасыз етудегі және жемқорлықтың алдын алудағы жаңа цифрлық әдіске баға берді. «Дәріхана роботы» - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоба, оның көмегімен онкология сырқатына шалдыққандарға қымбат дәрілер берлетін болады. Дәрігер...
Алматыда XVI Еуразия Медиа форумы өтуде
23 мамыр 2019 - 13:50
Алматыда әлемнің 50 елінің 600-ден астам өкілдері жиналған XVI Еуразия Медиа форумы өтуде. Танымал журналистер, белгілі қоғам қайраткерлері мен беделді саясаткерлер Қазақстан мен халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени дамуының маңызды мәселелерін талқылауда. Форумға қатысушыларды құттықтаған мегаполис әкімі Бауыржан Байбек 17 жыл бұрын алғаш Алматыда тұсауы кесілген Еуразия Медиа форуымының бүгінде медиа саласының кәсіптік өзекті мәселелерімен қатар әлем қоғамдастығын тол...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13