^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 21 наурыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы - әйел қанаттанатын қала - Бауыржан Байбек
07 наурыз 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Республика Сарайында өткен салтанатты жиында мегаполис әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Қала әкімі өзінің сөзінде қазіргі кезде шағын және орта бизнесті әйелдердің үштен бірі басқаратынын, мәслихаттың және Қоғамдық кеңестің бестен бірін әйелдер құрайтынын айтты. Мемлекеттік қызметкерлердің басым көпшілігі - әйелдер, білім мен денсаулық саласын ұстап тұрғандар да нәзік жандылар.

«Біздің әйелдеріміз қашанда дәстүрге берік, ең алдымен олар ошақтың отын маздатып, отбасының берекесін арттырған Аналар. Елбасы айтып өткендей, егер әрбір отбасында ана махаббаты салтанат құратын болса, онда барлық еліміз келісім мен гүлденудің айшықты нұрына бөленеді. Міне, бұл ана махаббатының құдыреті. Бірақ, Маргарет Тэтчер айтқандай, «Үй әйел әлемінің шекарасы емес, киелі ордасы болуы тиіс». Заманауи әйелдер осының айқын дәлелі. Бүгінгі Алматы - әйелдер білім алатын, рухани құндылықтарды қалыптастыратын, отбасын құрып, бала тәрбиелейтін, бақытқа кенеліп, дара тұлғаға айналатын қала. Біз осынау құндылықтарды сақтауға және дамытуға қашанда ұмтылатын боламыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, бұрындары Мемлекет басшысының аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Алматыда 7 бағыт бойынша нақтылы 13 шара енген «Бақытты отбасы» қалалық бағдарлама қолға алынды. Олардың ішінде жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы, қайта оқыту және жұмыспен қамту, стипендия және тегін бала бақша, жергілікті бюджеттен біреттік төлем көлемін арттыру бар.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының Орталық саябағына Батырхан Шүкеновтың мүсіні қойылады »»
21 наурыз 2019 - 19:48
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаңарған Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді. Бұрындары жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салуға басқарушы компания «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған еді. Орталық саябақ директоры Владимир Калинин өзінің сөзінде жарық діңгектерінің, асфальтты төсеніштердің, тротуарлар плиткалаларының жаңарғанын, заманауи навигацияның орнатылғанын айтты. Бұрын көлік тұрағы болған саябақты...
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қорынан кімдерге көмек көрсетіледі? »»
15 наурыз 2019 - 14:37
Алматы да «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қоры құрылды. Қордың жұмысы және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері жөнінде партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтып берді. Қор кімдерге көмек көрсетеді? Алматыда тұрақты тіркеуі және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (тұрмысы төмен) көпбалалы аз қамтылған отбасыларға. Қандай көмек түрлері көрсетіледі? ...
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы тағайындалды »»
15 наурыз 2019 - 14:44
Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды. Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туылған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі. Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компанияның бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған. 2017...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13