^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 21 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі тағайындалды
08 сәуір 2019

Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласы Медеу ауданының жаңа әкімі атанды. Мегаполистің орталық аудандарының бірін бұрын басқарған Ержан Жылқыбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Өзінің еңбек жолын Сұлтанбек Мәкежанов 1983 жылы жол шебері болып бастады, кейін инженер-геодезист, құрылыс учаскесінің шебері болды. 1985-1990 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақстанның ЛКЖО-ның аудандық, қалалық комитеттерінде басшылық қызметтерде болды. 1990-2002 жылдар аралығында жеке секторда жұмыс жасады. «Астана Холдинг Банк» төрағасының орынбасары, «Казахинвест» корпорациясының вице-президенті болды.

Мемлекеттік басқару органдарында мол тәжірибе жинақтады. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары қызметтерін атқарды. 2005 жылдан бастап Алматы қаласында еңбек етуде. Қала әкімі аппараты басшысының орынбасары, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Медеу ауданының әкімі болды.

2016 жылдың мамырынан Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудан активімен жиын барысында жаңа әкімнің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Медеу ауданы қаланың ғылым, білім және мәдени орталығы болып табылады. Мұнда Қазақстанның ғылым Академиясы, Республика Сарайы, Мемлекеттік Орталық музей, ірі парктер, кинотеатрлар, қала тұрғындары мен туристер тынығатын көрнекі орындар орналасқан. Осыған орай аудан әкімі ең алдымен абаттандыруға, жасылдандыруға, орталық көшелердегі, парктердегі, алаңдардағы тазалыққа, нысандардың архитектуралық келбеттеріне бірінші кезекте назар аударғаны жөн. Айта кетерлігі, биылғы жылы ауданда 7 парктер мен скверлер салу, 100 аулаға жөндеу жүргізу, Достық даңғылы мен Әйтеке би көшесін модернизациялау жоспарланған.

Дегенмен, ауданда орталықтандырылған су құбыры мен кәрізге қосылмаған тұрғын үйлер әлі де бар. Олар Каменское платодағы тұрғын кешені (1500 үй), Байқоңыр көшесі (көпқабатты 11 тұрғын үй), Бутаковка ықшам ауданы (250 үй) бұлардағы 8 мыңға жуық адам орталық жүйелерге қосылмаған. Аудан әкімі қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен бірге осы тұрғын кешендеріне су және кәріз желілерін тарту мәселесін шешу шараларын қарастырғандары жөн. Думан ықшам ауданының 30 мыңға жуық тұрғыны бар, биыл мұнда инженерлік желілерді тарту жұмысы аяқталғанымен, асфальт төселмей қалған. Аудан әкімі қалалық Мобилділік басқармасымен бірге 23 км жол мен км тротуарды қалпына келтіруі тиіс.

Бұлардан өзге, аудан әкімі Білім басқармасымен бірге МЖӘ аясында кәсіпкерлерді мектептер салу ісіне кеңінен тартуы тиіс.

Жалпы, соңғы үш жыл ішінде Медеу ауданында көтерме саудадағы тауар айналымы 50%-ға, негізгі капиталға инвестиция 49%-ға, салық түсімдері 36%-ға артты. Назарбаев, Абай, Достық даңғылдары, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері, «Абай» алаңы, Орталық мәдениет және демалыс паркі жаңғырды. Хайуанаттар паркін жөндеу аяқталып қалды. 50-ден астам жеке бала бақшалар, мини-орталықтар ашылды, соның арқасында ауданда бала бақша кезегі 35%-ға қысқарды. Аулалардың 80%-ы немесе 400 аула жаңарды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы тау бөктеріндегі селден қорғау іс-шараларының барысымен танысты »»
19 шілде 2019 - 19:19
Тау етегіне жасаған жұмыс сапары кезінде шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Дулати көшесі бойындағы жол мен саябақтың жөндеу жұмыстарын пысықтап, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру үшін автоматтандырылған төлем жүйесін көріп қайтты. Аталған жүйе көлеңкелі қолма-қол ақша аударымдарына тосқауыл болып, бақылау-өткізу пунктіндегі (БӨП) қызметкерлер санын азайтуды көздейді. Автоматтандырылған БӨП  мобильді қосымша арқылы төлем жүргізуге болады. Сонымен қатар, алдын-ала броньдауға да мүмкіндік б...
Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП басшыларымен және бизнес өкілдерімен ШОБ дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді »»
18 шілде 2019 - 20:52
Кездесуге «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Дана Жүнісова, «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП сауда департаментінің директоры Нұрлыбек Мұканов, Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева қатысты. ШОБ жұмысына оң өзгерістер енгізу, инвестицияны арттыру, сервисті экономикада тұрақты жұмыс орындарын құру бойы...
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті »»
18 шілде 2019 - 14:47
Кездесу барысында Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын ашу және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелері талқыланды. Айта кетерлігі, қалалықтардың мобилділігін арттыру мақсатында мегаполистің көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асады. Қабылданған шешімдер жолдардың өткізу қабілетін, көлік қозғалысы қауіпсіздігін және қалада экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады. Қазіргі кезде Алматыда электр автомобильдерінің 107 бір...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56