^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 26 сәуір 2019
 
     
 
Жаңалықтар
«Jasyl Meken» жалпықалалық акциясының шеңберінде бір күннің ішінде Алматы қаласында жеті мыңдай ағаш отырғызылды
13 сәуір 2019

Отырғызылған ағаштардың ішінде: шаған, қайың, жөке ағашы, емен, шегіршін, акация, шырша және басқа да ағаштың түрлері бар. Бұл ағаш түрлеріңің көбісі таулы жерлерде жақсы өніп кетеді жəне көп күтіп баптауды қажет ете бермейді. Бастысы бұл ағаштар қаланың атмосферасын оттегімен қанықтырады. Отырғызылған ағаштар қаламыздың көшелері мен саябақтарына көрік берді.

Қалалық акцияға 120 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде қала тұрғындары, қоғамдық жəне жастар ұйымдары өкілдері, Алматы қалалық «Nur Otan» партиясы филиалының мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, заңды тұлғалар, ПИК, ЖҮТК және қала жастары.

Ағаш егумен қатар аудандарда: көшелерді, аула аумақтарын, жалпы пайдаланудағы жерлерді, арықтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жиналған қоқыстарды шығару үшін коммуналдық қызметтер мен ұйымдардың 900-дей арнайы техникасы жұмылдырылды.

Акция шеңберінде Диваев көшесінен Одесская көшесіне дейінгі Шығыс айналма автомобиль жолының бойына 557 ағаш отырғызылды, соның ішінде 100 емен ағашы, 175 жөке ағашы, 100 церцис, 75 катальпа, 25 қайың жəне 82 шырша бар. Жалпы жазға дейін 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Hyundai автомобильдерін шығаратын зауыт салынады »»
21 сәуір 2019 - 14:15
Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ маңында Қазақстан Республикасының қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады. Өзінің құттықтау сөзінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі таңда Алматының жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Тек үш ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4%-ға артып, 111,1 млрд. теңгеге жетті. «Зауыт 700-ден астам алматылықтарды тұрақты жұмыспен қамтиды, ал бұл - біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан дайын инфрақұрылымдар...
Алматыдағы этноспорттың Бүкіләлемдік конфедерациясының Халықаралық форумына 30 елдің өкілдері келді »»
20 сәуір 2019 - 14:40
Алматыда өтіп жатқан «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» этноспортының Бүкіләлемдік конфедерациясының екінші халықаралық форумына әлемнің 30 елінен 150-ден астам делегация қатысуда. Форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіләлемдік ойындарының өтетіні халқымыздың тарихын, мәдениеті мен өнерін ғана көрсетіп қоймайтынын, сонымен қатар өскелең ұрпақтың мақсат-мүддесін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. &...
Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен бала бақшалар салынады »»
19 сәуір 2019 - 18:41
Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайла...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13