^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 26 сәуір 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жапондық сакура Аллеясы пайда болады
14 сәуір 2019

Алматыда Есентай өзені жағалауының бойында күншығыс елінің символы болып табылатын сакура Аллеясы пайда болады. Бүгін салтанатты рәсім кезінде Бауыржан Байбек пен «Tokyo Rope International» трансұлттық корпорация президенті Сато Казунори алғашқы жапондық ағаштарды отырғызды.

Жапония - Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі. Бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға сапары барысында телекөпір арқылы болат өнімдерін шығаратын алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосқан еді. Жапондық іскерлік клуб аясында өткен жылы мегаполистің Индустриалды аймағында екінші жоғарытехнологиялы зауыт ашылды.

Жапон компаниясының президенті Сато Казунори өзінің сөзінде әлемнің әр бұрышынан жыл сайын миллиондаған туристердің күншығыс еліне келіп, ағаштардың қалай гүл ашатынын көретінін айтты. Ол Алматыда сакура ағаштарын отырғызу екі еле арасында достық пен мәдени байланыстарды нығайтудың символы болатынына сенім білдірді.

«Біз Алматы климатына дөп келетін сакура түрін таңдадық. Алғашқы кезеңге 100-ден астам ағаш әкелдік, одан да көп отырғызуды жоспарлаудамыз. Алматылықтар туған қалаларынан шықпай-ақ оның гүлдегенін көре алады. Біз қазіргі кезде әкімдікпен бірге Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында Есентай өзенінің жағалауын бекітумен айналысудамыз. Мұнда өзіміздің жаңа технологиямыз – Rock Boxты қолданудамыз. Бұл - алюминий мен цинктің қоспасынан жасалған берік және ұзақ мерзімді инженерлік қорғаныс жүйесі. Әлемде оған балама жоқ. Оның экологиялық маңызы жоғары. Тіпті балыққа да оң әсер етеді, өйткені ол уылдырығын таста қалдырады. Бетонға қарағанда алматылық зауытта өндірілетін Rock Box пайдалы. Сакураны отырғызу - достық символы. Біз болашақта тарихи қала Киотаның экостилінде нағыз жапондық мейрамхана ашуды жоспарлаудамыз, 3 миллионға жуық долларды жұмсай отырып, жағалауды бекіту жұмыстарын жалғастырамыз», - деді Сато Казунори.

Айта кетерлігі, қаланы дамыту жөніндегі бір кеңесте Елбасы мегаполисте жасыл желек қорын ұлғайтуды тапсырған еді. Қабылданған «Jasyl Meken» жасыл бағдарлама аясында Алматыда өткен демалыс күндері 7 мыңға жуық ағаш отырғызылды, олардың арасында қайың, шаған, емен, шырша, жөке және басқа да ағаш түрлері бар. Жалпы биылғы көктемде 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Hyundai автомобильдерін шығаратын зауыт салынады »»
21 сәуір 2019 - 14:15
Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ маңында Қазақстан Республикасының қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады. Өзінің құттықтау сөзінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі таңда Алматының жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Тек үш ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4%-ға артып, 111,1 млрд. теңгеге жетті. «Зауыт 700-ден астам алматылықтарды тұрақты жұмыспен қамтиды, ал бұл - біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан дайын инфрақұрылымдар...
Алматыдағы этноспорттың Бүкіләлемдік конфедерациясының Халықаралық форумына 30 елдің өкілдері келді »»
20 сәуір 2019 - 14:40
Алматыда өтіп жатқан «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» этноспортының Бүкіләлемдік конфедерациясының екінші халықаралық форумына әлемнің 30 елінен 150-ден астам делегация қатысуда. Форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіләлемдік ойындарының өтетіні халқымыздың тарихын, мәдениеті мен өнерін ғана көрсетіп қоймайтынын, сонымен қатар өскелең ұрпақтың мақсат-мүддесін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. &...
Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен бала бақшалар салынады »»
19 сәуір 2019 - 18:41
Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайла...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13