^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 18 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
16 сәуір 2019

Әлібек Әлденей Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.

Түрлі жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында және басқаларында қызмет атқарған.

2015 жылдан «Алматы» телеарнасын басқарды. Осы уақыт ішінде компания айналымы 3 есе өсті. Телеарна алғаш рет оң қаржылық нәтиже көрсете бастады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша TNS Gallup Media Asia мәліметтеріне сәйкес телеарнаның Алматы бойынша көрермендер аудиториясы 1,5 миллионға жетті, еліміз бойынша – 5,5 млн. адам. Үш жыл ішінде телеарнаның үлесі 375%-ға артты. «Алматы» каналы ел телеарналарының рейтингі бойынша алдыңғы 10-дықтың қатарына енді.

Басқарманың жаңа басшысының алдына бірінші кезектегі міндеттер қойылды, олар: тиімді ықпал ету мен азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту арқылы тұрғындардың қоғамдық өтініштеріне дер кезінде үн қату жүйесін жетілдіру, кері байланыстың озық практикасын дамыта отырып, қоғамды кеңінен тарту деңгейін арттыру және консультативті-кеңестік тұғырнаманы жетілдіру.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді »»
17 тамыз 2019 - 19:09
17 тамызда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті   Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда. Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. ...
19 тамыздан бастап OpenAlmaty порталында "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады »»
16 тамыз 2019 - 12:19
2019-2020 жылдарға арналған "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады.   Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн. теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімд...
Алматылықтар өз кәсібін ашуға жеңілдетілген несие алады »»
15 тамыз 2019 - 16:20
Алматыда биыл алғаш рет «Бастау» жобасы қолға алынады. Бұл құнды жобаның басты ерекшелігі - кез-келген жұмыссыз немесе ауылдан келіп, жеке ісімен айналысқандар, жасына қарамастан кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие алады.   Курсқа қатысуға ниет білдіргендерді тестілеу 6-7 қыркүйекте басталады. Тыңдаушылар үшін жоба тегін, тіпті оған қатысушыларға бірреттік стипендия беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз- орталығында журналистермен болған бри...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56