^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда үнемдеу есебінен жаңа мектептер мен бала бақшалар салынады
19 сәуір 2019

Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд. теңге бөлінеді.

Сонымен, Мемлекет басшысының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінеді. Елбасының тапсырмасы бойынша бұрын негізсіз жобаларды қаржыландыруды оңтайландыру есебінен қалалық «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға 3,1 млрд. теңге жұмсалады.

Наурызбай және Әуезов аудандарында қарттарды қолдау бойынша екі орталық, Медеу ауданында психоневрологиялы ауытқушылығы бар мүгедек балалар емделетін күндізгі бөлім және Түрксіб ауданында психоневрологиялы сырқатқа ұшыраған жандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 360 орынды Орталық ашуға қаржы бөлінді.

Білім беруде жаңа нысандар салу есебінен қазіргі кезде мектептерде орындардың жетіспеушілігі 20%-ға, бала бақшаларда 14%-ға азайды. Дегенмен, қала тұрғындарының саны жыл сайын орта есеппен 50 мың адамға, оқушылар саны 10-12 мыңға, мектеп жасына дейінгілер қатары 5-7 мыңға өсуде. Нәтижесінде кейбір мектептерде оқушылар саны артып кеткен. Мамыр-5,6 ықшам аудандарында 1200 орынды екі мектеп, Нұршашқан поселкесінде 600 орынды мектеп, Ақсай-3а ықшам ауданында 225 орынды, ал Думан-1 елді мекенінде 850 орынды қосалқы нысандар салуға республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге бөлінді. Жас қанат, Алғабас ықшам аудандары мен Бостандық ауданында салынып жатқан үш бала бақша құрылыстарын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 212,6 млн. теңге жұмсалатын болады.

Бүкіләлемдік банктің бизнесті жеңіл жүргізу рейтингі бойынша Алматы еліміз бойынша бірінші орында тұр, ШОБ үлесі алғаш рет экономикада 42%-ға және салықта 64%-ға өсті. Сонымен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бизнес үшін несиенің мөлшерін субсидиялауға бөлінетін 4 млрд. теңгеден өзге Алматыда қосымша тағы да 1,9 млрд. теңге бөлінеді.

Бұлардан өзге, Жастар жылы аясында олардың кәсіпкерлігін дамытуға, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға арналған «Жастар - ел тірегі» әлеуметтік жобасы қол алынды.

Мысалы, Алматы мемлекеттік колледжінің сервисі мен технологиясын, киім тігуді конструкциялау мен оның көркемдік графикасын жақсарту, тігін шеберханаларын толық қайта жабдықтау, кеңселерді көркем моделдеу мен шаштараз өнеріне баулу, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін 100 млн. теңге бөлінді.

Өз кезегінде денсаулық сақтауға қосымша 1,8 млрд. теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде сегіз медицина мекемесіне медициналық қондырғылар алынады және Алатау ауданындағы жедел жәрдемнің Қосалқы станциясы нысанының құрылысы аяқталады. Орталықтандыру қағидасы бойынша Наурызбай ауданында тағы 20 аула, Бостандық ауданында 60 аула күрделі жөнделеді, Жетісу ауданындағы Ратушный және Жеңіс скверлері ағымдағы жөндеуден өтеді. Бес ауданда арық және жауын желілері салынады.

Қаланың шет аумағындағы Қарасу, Ақбұлақ, Трудовик ықшам аудандарын дамыту, бұларға жол салу үшін республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінеді. Әйгерім 1,2 және Шаңырақ 1 елді мекендеріне жол салуды бастау үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

10 елді мекендегі 58 мыңнан астам үйді қамтитын ұзындығы 256 км болатын су және кәріз желілерін тарту үшін республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінеді. Бұлар - Қарасу, Нұршашқан, Заря Востока, Алғабас, Әлмерек, Первомайка, Боралдай, Таужолы, Құрамыс, Жайлау елді мекендері.

Бұлардан өзге, республикалық бюджетті қайта бөлу есебінен Жас қанат ықшам ауданы мен Ақын Сара көшесінде 7 үй салу жоспарланған. Шұғыла, Жас қанат, Алғабас ықшам аудандарында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерге қажетті желілер тартылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландыру үшін 115,5 млн. теңге бөлінді.

ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы бойынша 877,6 млн. теңгеге 94 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Айта кетерлігі, 2,5 жыл ішінде 367 үй жөндеуден өтіп, 512 лифт ауыстырылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда халықтың өткір мәселелерін шешу үшін қосымша қаржылар бөлінді »»
27 мамыр 2019 - 16:32
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында нақты бюджет қабылданды, мұнда ауаның ластану деңгейін анықтайтын қондырғылар орнатуға, мектептер жанынан қосалқы нысандар салуға, жолдарға қосымша жөндеу жүргізуге және басқа іс-шараларға қаржы бөлу қарастырылған. Депуттар алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке қаланы дамыту және халықтың барынша өткір мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлу жөнінде тапсырма берген...
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
27 мамыр 2019 - 14:06
Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Алматыда туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Туран-Астана университетінің түлегі. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрындары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған. Еңбек жолын ДБАО «Сбербанктің» несие әкімшілігі бөлімінде бас...
Алматы мектептерінің 8000 мыңнан астам түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2019 - 14:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы Таугүл-3 ықшам елді мекеніндегі №175 гимназияның салтанатты рәсіміне қатысты. Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған Бауыржан Байбек қалада соңғы үш жылдың ішінде 3 жаңа қазақ мектебінің ашылғанын, оның екеуінің жеке инвесторлармен әріптестік ынтымақтастық барысында салынғанын атап өтті. Алдағы оқу жылында Алатау ауданында тағы бір қазақ мектебі ашылады, тағы екі қазақ мектептерінің жанынан 400 және 900 орынды қосалқы нысандар ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13