^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 18 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Hyundai автомобильдерін шығаратын зауыт салынады
21 сәуір 2019

Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ маңында Қазақстан Республикасының қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады.

Өзінің құттықтау сөзінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек бүгінгі таңда Алматының жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Тек үш ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4%-ға артып, 111,1 млрд. теңгеге жетті.

«Зауыт 700-ден астам алматылықтарды тұрақты жұмыспен қамтиды, ал бұл - біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан дайын инфрақұрылымдары бар 25 га жер бөлінді. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта 144 млрд. теңгенің 39 жобасы жүзеге асырылуда. Жапондық, неміс және қытайлық, ресейлік капиталмен 5 зауыт ашылды. 800 жоғары білікті жұмыс орындары пайда болды. Биылғы жылы инвестиция көлемі шамамен 367 млрд. теңге болатын тағы 4 кәсіпорын іске қосылады, оның ішінде болат құбырларын шығаратын ірі қазақстандық-қытайлық «Asia Steel Pipe» зауыты бар, - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бұл еліміздің машина жасау индустриясын дамытудағы маңызды стратегиялық қадам екенін атап өтті.

«Аталған кәсіпорынның өнімдері ішкі нарыққа, сонымен қатар өзге елдерге экспортқа шығарылатын болады», - деді Роман Скляр.

Алғашқы кезеңде зауыт қуатына 30 мың автомобиль жасайды, ал екіншісінен бастап олардың санын жылына 45 мыңға дейін арттырады. Осының арқасында қазақстандық нарық Hyundai маркалы сапалы әрі бағасы қолжетімді көліктермен толығады және ТМД елдеріне экспортталады. Жоба инвестициясының жалпы көлемі 25 миллиард теңге. Жеке қаржымен қоса коммерциялық шарт бойынша заем тартылады.

Зауытта дәнекерлеуші, бояушы, жинақтаушы, пластикалық панелдерді өндіруші цехтар мен сапаны бақылау учаскесі болады. Кәсіпорын Оңтүстік Корея мен Жапонияның жаңа технологиялы қондырғыларымен жабдықталады. Зауытта Hyundai көлігінің барлық модельдері жасалады. Алғашкы кезде Accent моделінің толық циклы қолға алынады, кейінірек Creta моделін шығару жоспарланған.

ЕАЭО елдерімен және өнеркәсіптік кооперациялармен іскерлік байланыс орнату арқылы көлік жасау локализациясы 50%-ға жетеді. Болашақта автокомпоненттер шығаратын зауыт салу қарастырылған, бұл Қазақстандағы локализация деңгейін арттырады.

2019 жылдың соңына дейін өндірістік цехтарды салу жоспарланған, ал 2020 жылы зауыт конвейерінен алғашқы автомобиль шығатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді »»
17 тамыз 2019 - 19:09
17 тамызда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті   Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда. Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. ...
19 тамыздан бастап OpenAlmaty порталында "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады »»
16 тамыз 2019 - 12:19
2019-2020 жылдарға арналған "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады.   Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн. теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімд...
Алматылықтар өз кәсібін ашуға жеңілдетілген несие алады »»
15 тамыз 2019 - 16:20
Алматыда биыл алғаш рет «Бастау» жобасы қолға алынады. Бұл құнды жобаның басты ерекшелігі - кез-келген жұмыссыз немесе ауылдан келіп, жеке ісімен айналысқандар, жасына қарамастан кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие алады.   Курсқа қатысуға ниет білдіргендерді тестілеу 6-7 қыркүйекте басталады. Тыңдаушылар үшін жоба тегін, тіпті оған қатысушыларға бірреттік стипендия беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз- орталығында журналистермен болған бри...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56