^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 30 жыл бойына жұмыс істемеген велотрек жөнделді
05 мамыр 2019

Алматыдағы орталық Мәдениет және демалыс паркінде заманауи велотрек ашылды. Сонау 1979 жылы салынған нысан 30 жыл бойына жұмыс істемеген. Алматы әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы және «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік қолдауы арқасында велотректі реконструкциядан өткізді.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ-ның төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.

Жоба бойынша арнайы төсеніші бар жолдар жасалған, мұнда скейт-парк, дерт-трек, памп-трек, модулді бөлмелер, 200 орынды көрермен трибунасы бар. Жасылдандыру жүргізіліп, 150 ағаш отырғызылған.

Нысан велоспортты дамыту және бұқараға кеңінен таныту мақсатында белсенді түрде пайдаланылады. Велотректе қаланың спорт мектептерінің оқушылары үшін сабақтар өткізу, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар балаларының велоспортпен тегін шұғылдануы, түрлі жарыстар мен спорттық шаралар ұйымдастыру, «Apple Team» велокомандасын дайындау жоспарланған.

Бұрын «Рухани жаңгыру» бағдарламасы бойынша Орталық парктің өзі жаңарған еді. Басқарушы компания инвестиция ретінде 1,6 млрд. теңге жеке қаржысын жұмсап, жаңа субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдарын салды. Жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарды, навигация орнатылды.

Парктің тура ортасынан орын алған бұрынғы автомобиль тұрағының орнына спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол, футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром салынды.

Жазғы сахнаның шығыс жағына алма ағашын бейнелейтін жаңа фонтан пайда болды. Сонымен бірге, 10 жыл бойына жұмыс істемеген субұрқақ жөнделді.

Айта кетерлігі, қалалықтардың талқылауынан өтіп, 2015 жылы қабылданған «Алматы-2020» даму Бағдарламасы аясында мегаполистің тарихи орталығының 60 пайызы жөнделді, 600 жуық көше мен 1400-ден астам ескі аулалар жаңарды. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға көшірілді, 300 км арық және 2000 км инженерлік желілер ауыстырылды, тартылды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы қаланың барлық көпқабатты үйлерінің 50 пайызын қамтитын тағы 600-ден астам аула жөндеу жоспарланған. 120-дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұлардан өзге қаланың 14 ықшам ауданында 456 жаңа көше салынады. Шет аймақтарда бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қалада қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 120-дан астам көшеге жаңа LED- шамдары орнатылады.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда халықтың өткір мәселелерін шешу үшін қосымша қаржылар бөлінді »»
27 мамыр 2019 - 16:32
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында нақты бюджет қабылданды, мұнда ауаның ластану деңгейін анықтайтын қондырғылар орнатуға, мектептер жанынан қосалқы нысандар салуға, жолдарға қосымша жөндеу жүргізуге және басқа іс-шараларға қаржы бөлу қарастырылған. Депуттар алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке қаланы дамыту және халықтың барынша өткір мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлу жөнінде тапсырма берген...
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
27 мамыр 2019 - 14:06
Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Алматыда туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Туран-Астана университетінің түлегі. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрындары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған. Еңбек жолын ДБАО «Сбербанктің» несие әкімшілігі бөлімінде бас...
Алматы мектептерінің 8000 мыңнан астам түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2019 - 14:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы Таугүл-3 ықшам елді мекеніндегі №175 гимназияның салтанатты рәсіміне қатысты. Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған Бауыржан Байбек қалада соңғы үш жылдың ішінде 3 жаңа қазақ мектебінің ашылғанын, оның екеуінің жеке инвесторлармен әріптестік ынтымақтастық барысында салынғанын атап өтті. Алдағы оқу жылында Алатау ауданында тағы бір қазақ мектебі ашылады, тағы екі қазақ мектептерінің жанынан 400 және 900 орынды қосалқы нысандар ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13