^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 27 мамыр 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қала тұрғындарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады
07 мамыр 2019

Алматыдағы 28-ші гвардияшылар-панфиловшылар саябағында Отан қорғаушы күніне орайластырылған салтанатты шара өтті. Дәстүр бойынша әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары болашақ жауынгерлерге қолдау білдіруге келді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек еліміздің Қарулы күштері құрылған күннің Тәуелсіз Қазақстанның даңқты жылнамасына алтын әріптермен жазылғанын атап өтті.

«Елбасы айтып өткендей, Қарулы күштер – қауіпсіздіктің басты кепілі және егемендігіміз бен еліміздің бейбіт өмірінің мызғымас қорғаны. Біз бүгін Отанымызды қорғаған Қазақстанның барлық ұрпақтарына тағзым етеміз. Аттары аңызға айналған Қарасай батырдың, Бауыржан Момышұлының, Леонид Беданың, Борис Керімбаевтың және көптеген басқаларының есімдері халқымыздың жадында мәңгілік сақталатын болады. Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырларымыз бен ардагерлеріміздің ерлігі мен батылдығын мақтан етеміз», - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис әкімі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек пен қолдау көрсету әркімнің абзал борышы екенін атап өтті. Жеңіс күніне орай әрбір ардагер мен соғыс мүгедегі 250 мың теңгеден алды. Айта кетерлігі, қала әкімдігі жыл сайынғы қаржылай көмекті тағы да екі есеге арттыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, биылғы жылы Алматының ардагерлері 500 мың теңгеден алатын болады.

«Тәуелсіздік жылдарында елімізде шайқасуға қабілетті, мобилді және мықты қаруланған Армия қалыптасты. Мемлекет басшысы, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы кезінде жоғары баға берді. Армияға мемлекеттік қолдау көрсету әскери қызметтің мәртебесін арттырды. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтуға тұрақты назар аударылуда. Тұрғын үймен қамтудың жаңа моделін енгузіден бастап Алматыда 10 мыңға жуық әскери қызметші Тұрғынүйжинаққұрылыс банкінде депозиттер ашты, ал 360 мыңнан астам отбасы жеке пәтерлерге ие болды», - деді Бауыржан Байбек.

Салтанатты шара барысында әскер қатарына шақырылғандарға сыйлықтар, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілеріне сертификаттар берілді, десантты-дауылды әскерилер бөлімшелерінің жаттығулары мен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда халықтың өткір мәселелерін шешу үшін қосымша қаржылар бөлінді »»
27 мамыр 2019 - 16:32
Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында нақты бюджет қабылданды, мұнда ауаның ластану деңгейін анықтайтын қондырғылар орнатуға, мектептер жанынан қосалқы нысандар салуға, жолдарға қосымша жөндеу жүргізуге және басқа іс-шараларға қаржы бөлу қарастырылған. Депуттар алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке қаланы дамыту және халықтың барынша өткір мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 13 млрд. теңге бөлу жөнінде тапсырма берген...
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
27 мамыр 2019 - 14:06
Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Алматыда туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Туран-Астана университетінің түлегі. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрындары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған. Еңбек жолын ДБАО «Сбербанктің» несие әкімшілігі бөлімінде бас...
Алматы мектептерінің 8000 мыңнан астам түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2019 - 14:45
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы Таугүл-3 ықшам елді мекеніндегі №175 гимназияның салтанатты рәсіміне қатысты. Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған Бауыржан Байбек қалада соңғы үш жылдың ішінде 3 жаңа қазақ мектебінің ашылғанын, оның екеуінің жеке инвесторлармен әріптестік ынтымақтастық барысында салынғанын атап өтті. Алдағы оқу жылында Алатау ауданында тағы бір қазақ мектебі ашылады, тағы екі қазақ мектептерінің жанынан 400 және 900 орынды қосалқы нысандар ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13