^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 7 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының хайуанаттар паркіне жаңа басшы тағайындалды
01 маусым 2019

Қала мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков Алматының хайуанаттар паркінің жаңа басшысы атанды.

Соңғы жылдары хайуанаттар паркі айтарлықтай өзгерді, мұнда келушілер қатары 42%-ға өсті, кәсіпорын кірісі 20%. Парктің айналасы және хайуанаттар тұратын орындар абаттандырылды, оның ішіде 11 қысқы орын жөнделді, ақ аюдың, амур барысының, тапирдің жаңа вольерлері, аквариум жасалды. Қала әкімі өзінің сөзінде хайуанаттар паркінің бұрынғы директорлары Ержан Еркінбаев пен Айгул Түлееваның және меценаттардың арқасында зообақтың оң нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

«Біз жаңа басшы кандидатурасын іріктеуге жете мән бердік, өйткені хайуанаттар паркінің одан әрі дамуы жаңа басшының жеке қасиеті мен кәсіби біліктілігіне тікелей қатысты. Вячеслав Банщиков Алматыда туылған, оқыған және осында тұрады. Тұрақты меценат, қайырымдылықпен айналысады, қала үшін жасаған игілікті істері көп», - деді Бауыржан Байбек.

Жаңа директордың алдына хайуанаттар паркін одан әрі дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды. Мысалы, жақын арада мекеме зообақтар мен аквариумдардың европалық ассоциациясы EAZA мүшелерінің тізіміне енуі тиіс. Барыстар мен аюлардың, қасқырлардың вольерлерін салу мен абаттандыруды аяқтаған жөн. Бұдан өзге, зообақ аумағында заманауи қондырғылармен жабдықталған жаңа ветклиника салу және бұлақтарды реконструкциялау жобасын іске асыру қажет. Хайуанттар паркінің жүргінші аймағын қайтадан толық жөнделіп, абаттандырулуы тиіс. Бұлардан өзге, аңдарды өздері шығаратын жеммен қоректендіру үшін қосалқы шаруашылықты қолға алу керек.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі 14%-ке өсетін болады »»
07 тамыз 2020 - 21:41
Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн-кездесу барысында құрылыс компанияларының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады   Алматы үшін құрылыс саласының маңызы зор, өйткені қала өсуде, дамуда, тұрғындардың саны артуда. Осының бәрі тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, бала бақшалардың, қоғамдық кеңістіктердің, тиісті инфрақұрылымдардың салынуын қажет етеді.   Қала әкімі соңғы жылдар ішінде мегаполисте жыл ішінде құрылыс көлемінің орташа 3-5%-ке тұрақты өсіп отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні қ...
Провизорлық бөлім қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек шарттары жасалған, науқастар барлық дәрілермен қамтамасыз етілген – Алматыдағы медициналық орталық директоры  »»
06 тамыз 2020 - 20:13
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының» қандай режим мен қандай қарқында қызмет етіп жатқанын осы медициналық мекеменің директоры Ғани Бодықов айтты. Бүгінгі таңда кардиохирургтер коронавирус пандемиясына байланысты өз пациенттерін сәтті емдеуден бұрын, өздерінің де қауіпсіздіктеріне де көп көңіл бөлулері керек.   Сол себепті күн сайын барлық қызметкерле...
Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді »»
06 тамыз 2020 - 19:43
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.   «Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы  өспейді», - деп сендірді Ә. Масабаев. Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін,  қалада жылыту  маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.   «Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу маги...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz