^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру қарқынын тексерді
01 маусым 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру қарқынын тексерді.

Алматыда соңғы үш жыл ішінде 700 мыңға жуық қалалықтар тұратын 1487 аула жөнделді және абаттандырылды. Биылғы жылы қаланың көпқабатты үйлерінің 72% қамтитын тағы 638 ауланы реконструкциялау жоспарланған.

Жаңарған аулаларда жаңа балалар және спорт алаңдары, балалардың спортпен айналысуы үшін тренажерлер мен ойын кешендері пайда болуда. «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша жарықтың жаңа діңгектері мен видеокамералар орнатылуда.

«Мен өзім осындай аулада өстім, алға қойған міндетім - қарапайым жандарға жақсы жағдай жасау. Екі жыл ішінде біз адамдардың көшеге шығуы, балалардың сыртта ойнауы, ересек жандардың өзара араласуы, қонаққа баруы үшін Алматының барлық аулаларын 100% жөндейміз. Сонда ғана менің аулам мен менің қалам екенін сезінуге болады. «Қала адамдар үшін» концепциясының басты мәні осында», - деп атап өтті Бауыржан Байбек Ақсай-4 ықшам аудан тұрғындарымен кездесу барысында.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған «Алматы-2020» Бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60%, 600 көше жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық және 2000 км инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда және 140-тан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі »»
13 шілде 2019 - 15:41
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатыр. Оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмей тінін хабарлаймыз. Сондықтан БАҚ-ын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twitter, Facebook және Instagram. әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram сер...
Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтады »»
12 шілде 2019 - 17:55
Алматы әкімі Б.Сағынтаев Қазақстанның тауар өндірушілерінің көрмесінде болды, «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттауға қатысты. Биылғы жылы байқауға 72 компания қатысты. 9 кәсіпорын үздік атанды, енді олар республикалық деңгейде үздік атану үшін күресті жалғастыратын болады. Конкурсқа тұтынушыға бұрыннан таныс брендтермен қатар стартаперлер де қатысып, көрмеге өнімнің үлкен ассортиментін ұсынды. Көрмені ұйымда...
Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды »»
11 шілде 2019 - 11:06
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған. 2012-2017 жылда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13