^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 12 желтоқсан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда тағы 53 көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер кілттерін алды
03 маусым 2019

Алматыда Елбасы тапсырмасы бойынша қолға алынған «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға жеке пәтерлер беру одан әрі жалғасуда.

Егер осыдан екі апта бұрын ғана 44 көпбалалы отбасылар «Үш сұңқар» ТК пәтер кілттерін алса, енді тағы 53 отбасы «Әдиет» тұрғын үй кешенінен жеке пәтерлеге ие болды.

Төрт баланың анасы Әсем Кенжебекова күйеуі екеуінің жаңа қоныстарына жөндеу жүргізуге дайындалып жатқандарын айтты.

«Біз екі бөлмелі пәтерді 15,7 млн. теңгеге сатып алдық. Ай сайынғы төлем 80 мың теңге. Алғашқы жарнаны қала әкімдігі берген тұрғын үй сертификаты арқылы төледік. Енді жөндеу жүргізіп, жаңа қонысқа көшеміз, балаларымыз жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайтын болады», - деді ол.

Өз кезегінде Фируза Қошқарованың отбасы пәтер кезегінде 2015 жылдан тұрған еді.

«Көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй бағдарламасының қолға алынғанын естіп, құжаттарымызды тапсырдық. Бізге түрлі тұрғын кешендерінен пәтерлер ұсынылды, таңдауымыз «Әдиет» ТК болды, мұнда инфрақұрылым барынша дамыған», - деп ойымен бөлісті ол.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие 2 пайыздық мөлшермен жаңа үй сатып алу үшін 15 млн. теңгеге дейінгі сомада беріледі. Бұдан өзге қала әкімдігі 1 млн. теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын тегін ұсынады. Оның үстіне, аз қамтылған көпбалалы отбасылар тұрғын үй алу үшін жеке кезекке қойылған.

Айта кетерлігі, Елбасы тапсырмасы бойынша Алматыда көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсетілуде. Мамыр айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен алғашқы аналарды қолдау Орталығы ашылды, 1000 астам отбасыға кеңес берілді. 400-ден астам балдырғандар бала бақшаға тегін баруда, мектептер мен колледждердің 3 мың үздік оқушыларына жергілікті бюджет есебінен ай сайын стипендия төленуде. Еңбекпен қамту, жаңа мамандыққа баулу жалғасуда. Жаңадан құрылған «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры 4 айдың ішінде 3,5 мың отбасыға қолдау көрсетті.

Жалпы, Алматыда соңғы 3 жылдың ішінде тұрғын үйге зәру 9 мыңнан астам отбасы пәтер алды, оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша. Олардың тең жартысы – көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, ардагерлер, ерекше қажеттіліктегі жандар және басқалары. Жақын күндері тағы 2 мыңға жуық отбасы көптен күткен пәтерлерін алатын болады.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласында «Kazakhstan Urban Conference 2019» өткізу жөнінде »»
11 желтоқсан 2019 - 15:12
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Алматы қаласы әкімдігінің алаңында Алматы қаласында «Kazakhstan Urban Conference 2019» өткізу жөнінде көшпелі баспасөз конферециясын ұйымдастырды.   Аталған баспасөз конферециясына Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов, «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталықтың» төрайымы Аида Әлжанова және Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Г...
Б. Сағынтаев: Өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін бірге шешетін боламыз »»
10 желтоқсан 2019 - 16:16
Алматы әкімі Б. Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде қарамағындағы қызметкерлерге азаматтардың ағымдағы мәселелерін жедел шешуді тапсырды.   Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен екінші рет «ашық микрофон» форматында кездесу өткізді. Алғашқысы 3 тамызда №83 гимназияда өткен болатын. Бұрындары, 1 және 28 шілде аралығындағы жұмыс сапары кезінде аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойған еді. Ауданның ең өзекті мәселесі – ескі үйлерді сүру, қалада шам...
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығы аталып өтуде »»
09 желтоқсан 2019 - 20:09
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының және «Қазақ әдебиеті» газетінің 85 жылдығы құрметіне салтанатты шара өтті.   Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев пен Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушылар қауымдастығының рөлі мен маңызы туралы құттықтау сөздерін айтты. Одақтың 820 мүшесінің 360-ы Алматыда тұрады. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Жазушылар одағы үйіне күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұдан өзге, шығармашылық қызметкерлерге қолдау көрсету және ынталандыру аясында ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56