^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
04 маусым 2019

Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бекіткен еді.

Жастардың алдында сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті.

«Осыдан 27 жыл бұрын Алматының нақ төрінде аса маңызды тарихи оқиға – тұңғыш рет мемлекеттік рәміздер қабылданды. Ту, Елтаңба мен Әнұран - халқымыздың арманы мен аңсарының, дархандығы мен даралығының, әлеуеті мен мүмкіндігінің жиынтық көрінісі. Бүгінгі Қазақстан - тұрақты дамыған, өркен жайған мемлекет. Сіздер, тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпақтары терең білім, ерен еңбек және өзара топтасу арқылы Отанымызды, білім мен ғылымды, экономиканы алға жылжытасыңдар. Елбасы бір сөзінде «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» - деген еді. Тұңғыш Президентіміздің осы нақыл сөзін еліміздің әрбір азаматы жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстап, орындауы қажет. Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Салтанатты жиын соңы Нұржан Керменбаев, Кентал, Моник, Сарын, Дауыс International, Азия топтары және басқалары қатысқан мерекелік концертке ұласты.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі »»
13 шілде 2019 - 15:41
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатыр. Оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмей тінін хабарлаймыз. Сондықтан БАҚ-ын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twitter, Facebook және Instagram. әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram сер...
Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтады »»
12 шілде 2019 - 17:55
Алматы әкімі Б.Сағынтаев Қазақстанның тауар өндірушілерінің көрмесінде болды, «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттауға қатысты. Биылғы жылы байқауға 72 компания қатысты. 9 кәсіпорын үздік атанды, енді олар республикалық деңгейде үздік атану үшін күресті жалғастыратын болады. Конкурсқа тұтынушыға бұрыннан таныс брендтермен қатар стартаперлер де қатысып, көрмеге өнімнің үлкен ассортиментін ұсынды. Көрмені ұйымда...
Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды »»
11 шілде 2019 - 11:06
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған. 2012-2017 жылда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13