^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Елбасының тапсырмасы бойынша Тұңғыш Президент атындағы Қор жанындағы сквер қалаға берілетін болады
06 маусым 2019

Елбасының тапсырмасы бойынша Тұңғыш Президент атындағы Қор жанындағы сквер қалаға берілетін болады, бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің Instagramдағы парақшасында хабарлады.

Шағын әрі өте тартымды сквер 2007 жылы Ганди мен Желтоқсан көшелерінің бұрышына салынып, алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Қала тұрғындары мұнда балаларымен келеді, көкте кішігірім отырыстар мен той фотосессияларын өткізеді.

«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша ертеңнен бастап ұзындығы 556 метр болатын қоршау сүріледі. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Қала әкімдігі сквердегі орындықтар мен урналарды жаңартады, ескірген кеспе тастар ауыстырылады, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Классикалық стильде жасалған қоршаулар «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы мен №23 мектептің ескі қоршауларын алмастырады.

Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде қалада 150 км астам қоршау алынды. Қазіргі кезде 146 саябақтар мен скверлердің 85-і жасылдандырылды және абаттандырылды. Биылғы жылы 2 саябақты, 5 сквер мен 5 жасыл аймақты реконструкциялау жоспарланған.




  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі »»
13 шілде 2019 - 15:41
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатыр. Оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмей тінін хабарлаймыз. Сондықтан БАҚ-ын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twitter, Facebook және Instagram. әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram сер...
Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтады »»
12 шілде 2019 - 17:55
Алматы әкімі Б.Сағынтаев Қазақстанның тауар өндірушілерінің көрмесінде болды, «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттауға қатысты. Биылғы жылы байқауға 72 компания қатысты. 9 кәсіпорын үздік атанды, енді олар республикалық деңгейде үздік атану үшін күресті жалғастыратын болады. Конкурсқа тұтынушыға бұрыннан таныс брендтермен қатар стартаперлер де қатысып, көрмеге өнімнің үлкен ассортиментін ұсынды. Көрмені ұйымда...
Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды »»
11 шілде 2019 - 11:06
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған. 2012-2017 жылда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13