^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 17 шілде 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық фестивалі өтуде
07 маусым 2019

Табиғаты ғажап Алатаудың етегіндегі «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде жыл сайынғы «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтуде, оған әлемнің 18 елінен 140-тан астам өкіл қатысуда.

Екі күн ішінде Алматы тұрғындары мен қонақтары бүркітшілердің, шабандоздардың, көкпаршылардың, садақ атушылардың шеберліктеріне тәнті болып, батырлардың жекпе-жегін, желдей ескен ат үстінен жерден тиын алғандардың ептілігін, ұлттық ойындарды тамашалайды, ұлттық ас мәзірінен дәм татады. «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» қазақтар мен түркі халықтарының бай мұрасымен кеңінен танысуға мүмкіндік береді.

«Фестивальде ірі этномузыканттар мен спортшылар, бүркітшілер мен қолданбалы өнер шеберлері өздерінің таланттарын паш етеді. Этномәдениет фестивалінің басты мақсаты – көшпелі халықтың ерте тарихын жаңғырту, өскелең ұрпаққа әр ұлттық өзара ұқсастығын түсіндіру», - деді қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов.

Шара барысында Қазақстанның жеті дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы, Гинесстің рекордтар кітабына екі рет енген Сергей Цырульниковтың басқаруымен алыптар шоуы болады. Олар күреседі, шегені қолдарымен қағады, темірді майыстырады, гир көтереді. Алып күш иесі Сергей Цырульников шеберлік сыныптарын өткізеді және көрермендер үшін арнайы жарыстар ұйымдастырады. Бұдан өзге, Андрош Бироның басқаруымен Мажарстаннан келген қонақтар әскери ат ойындарына қатысады, буряттық шаман Вэлигто Бадмаев ыстық тастар арқылы көз тиюден қорғайды. Башқұртстаннан келген садақшылар жаяу және ат үстінде тұрып «Мэргэн уксы» мергендік өнерлерін көрсетеді. Қырғыздың «Салбуурун» командасы бүркітпен және тазы итпен аң аулау шеберлігін ұсынады.

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Боралдай қорғандары аумағында Сақ мәдениеті орталығы құрылысының жобасымен танысты. Қазірдің өзінде оның жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Қала басшысы өзінің сөзінде мұндай орталықтың пайда болуы Алматының туристік әлеуетін, ел тархиына деген қызығушылықты арттыратынын, құнды археологиялық паркті қорғауға, болашақ өскелең ұрпақ үшін тарихи-мәдени мұра жауһарын көздің қарашығындай сақтауға мүмкіндік беретінін айтты.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Алматыда Райымбек батырдың мавзолейі реконструкцияланады. Осынау киелі орында мемориалды музей кешені ашылады. Бұлардан өзге, «Этноленд» этномәдени кешен салу жоспарланған.

Фестиваль аясында бірқатар заманауи ұлттық өнер көрмелері ұйымдастырылады, «Тұран», «ХасСак» этно-фольклорлық ансамбльдері, Түркиядан, Монғолиядан, Алтай мен Тывадан, Чувашия мен Қырғызстаннан және басқа елдерден келген танымал артистер өз өнерлерін көрсетеді.

Ниет білдірушілердің барлығы түрлі жарыстар мен викториналарға қатысып, бағалы сыйлықтар және ұсталық, зергерлік өнердің құпиясына бойлап, ұлттық ас мәзірінен дәріс алады, қолөнершілер мен басқа да қолданбалы заттарды жасаушылардың сабақтарына қатысады, шағын киіз үйді құру мен жинауды үйренеді. Кішкентай көрермендер үшін көңіл көтеретін қызықты шаралар қарастырылған. Екі күн ішінде аталған фестивальға 20 мыңнан астам адам келеді деп жоспарланған.

Аталған шара 7-8 маусым күндері өтеді, кіру тегін. Келушілерге ыңғайлы болу үшін сағат 8-00 ден 19:00-ге дейін арнайы автобус бағыттары ұйымдастырылған, олар мына төрт нүктелер бойынша қатынайды: Байтурсынов/Абай, Н.Сац атындағы театр (Шаляпин көшесі, 22), Алатау дәстүрлі өнер театры және Алматы-1 ТВ (автотұрақ). Жолақы құны 150 теңге.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі »»
13 шілде 2019 - 15:41
Әлеуметтік желілерде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатыр. Оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмей тінін хабарлаймыз. Сондықтан БАҚ-ын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twitter, Facebook және Instagram. әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twitter, Facebook және Instagram сер...
Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтады »»
12 шілде 2019 - 17:55
Алматы әкімі Б.Сағынтаев Қазақстанның тауар өндірушілерінің көрмесінде болды, «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттауға қатысты. Биылғы жылы байқауға 72 компания қатысты. 9 кәсіпорын үздік атанды, енді олар республикалық деңгейде үздік атану үшін күресті жалғастыратын болады. Конкурсқа тұтынушыға бұрыннан таныс брендтермен қатар стартаперлер де қатысып, көрмеге өнімнің үлкен ассортиментін ұсынды. Көрмені ұйымда...
Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды »»
11 шілде 2019 - 11:06
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. С.Тұяқбаев 1979 жылы туылған. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған. 2012-2017 жылда...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13