^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Vision Zero» аясында жолдарды реконструкциялауды тексерді
13 маусым 2019

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Vision Zero Almaty» бойынша жолдарда өлімді азайтудың Жоспары аясында жол инфрақұрылымдарын реконструкциялауды тексерді.

Биылғы жазда қаланың 140-тан астам жолдары жөнделуде, олардың 56-ы жаяу жүргіншіге бейімделген. Олар - бекет кешендерінің айналасы, кең қозғалыс бөлігінің жиектері және өтпелі жолдардың қауіпсіз аймағы.

Жалпы, қала бойынша көпшілік жиі жүретін әрі апаттық деңгейі жоғары 72 проблемалы уческе анықталған, алдыңғы қатарлы мегаполистерде балама ретінде мұндай жерлердің радиустары тарылады, жүргіншілер үшін бағдаршамдар интервалы ұлғаяды, тоқтау желілері және басқалары орнатылады.

«Біз Алматыда жолдардағы өлім деңгейін барынша азайтуға ұмтылудамыз. Адамдар кейде қателікке ұрынады, сондықтан субьективті факторды азайтатын қауіпсіз инфрақұрылым жасаған жөн. Жаяу жүргіншінің қозғалыс кезінде ең осал қатысушы екенін ескерсек, оған басымдылық беріледі», - деді Бауыржан Байбек.

Бұдан өзге, 100 жаңа өтпелі жолдар салу жоспарланған. Қалалықтардың көптеген өтініштері бойынша 50 учаскеде қауіпсіз бөліктер болады, олар кең қозғалыс жиегін ажыратып тұрады. Әлеуметтік және білім объектілері жанында трапецияға ұқсас.

Қала әкімі өзінің сөзінде қоғамдық көлікті дамытудың, автомобиль қозғалысын велосипедтен бөлу үшін кедергісі бар веложолдар желісін жасаудың одан әрі жалғасатынын айтты. Арнайы қажеттіліктегі жандар үшін қоғамдық кеңістікті модернизациялау мен ыңғайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Гоголь көшесін абаттандыруға қатысты бірқатар ескертпелер жасады. Мұнда жақын арада ескі ағаш діңгектері алынады, көше жарығы мен троллейбус желісі бірігіп кеткендіктен реттеледі. Қала басшысы көшені жасылдандыруға, түрлі қоршауларды сүруге, көлеңкелі кеңістікке көше жиһазын орнатуға назар аударды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56