^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қазан 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б.Сағынтаев ҮЕҰ басшыларын қаланың маңызды стратегиялық міндеттерін бірігіп шешуге шақырды
02 шілде 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу барысында әлеуметтік-жауапты, күшті экономикалық, құқылы мемлекет пен дамыған азаматтық қоғам құруда ортақ мақсаттарға жету үшін бірігіп жұмыс жасаудың стратегиясын әзірлеудің қажет екенін атап өтті.

«Алматы қашанда үздік практиканы, жаңашылдық жобалар мен азаматтық қоғам саласы кейстерін жүзеге асырудың басты тұғырнамасы болып келеді. Бүгін біз ҮЕҰ дамыту мен олардың тиімділігін арттырудың «жол картасын» жасау үшін жиналып отырмыз. Маған қоғамның актуалды мәселелерін бірігіп шешуде сіздер ұсынатын пікірлер мен тілектерді есту өте маңызды. Біз ашықпыз, қолжетімдіміз, қаланың барлық ҮЕҰ жұмыс істеуге дайынбыз. Сондықтан шешімін күткен басты міндеттерге, стратегияға, проблемалы мәселелерге мен үнемі айрышқа назар аударамын», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Кездесу барысында Б.Сағынтаев ҮЕҰ мен қала басшылығының біріккен іс-қимылдарының перспективалық бағыттарының бірқатарын атап өтті. Осы ретте қала басшысы экология мен ауа сапасы тақырыбын көтерді.

«Бұлардың қаланың барлық тұрғындарын толғандыратынын білемін. Сондықтан қалалық ЖЭО-2 газға көшіру мәселесін жіті зерттеуді жоспарлаудамын. Осыған орай экология саласында қоршаған ортаның залалдануымен күресуде және қаланы жасылдандыруда сіздердің қолдауларыңыз маңызды», - деді әкім.

Бұлардан өзге, қоғам қауіпсіздігін және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділікті күшейтудің, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың оның ішінде ПИК-тердің жұмыстарын жолға қоюдың, сонымен қатар қала бюджеті шығындарының жариялылығының, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің, еңбекпен қамтудың, жастардың демалысын ұйымдастырудың және басқаларының актуалды мәселелері сөз болды.

Қазіргі кезде мегаполисте 4 мыңнан астам ҮЕҰ бар, олардың 1 мыңға жуығы ғана белсенділік танытуда. Сонымен қатар қалада 45 жастар ұйымдары, 170 діни бірлестіктер және басқалары бар.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров қала имамдарымен кездесуде қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелерін талқылады »»
21 қазан 2019 - 17:53
Алматының бас имамы Е. Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды. Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. «Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңг...
Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды
21 қазан 2019 - 14:41
Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.   Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, А...
Open Almaty-ға 9 айдың ішінде жүз мыңнан астам өтініш түсті »»
21 қазан 2019 - 14:10
Алматының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындары абаттандыру, қоғамдық көлік және жолдар, инженерлік желілер, ТҮКШ мәселелері бойынша жиі өтініш түсіреді.   Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Жоба Smart Almaty концепциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы енген. «Бір терезе» қағидасы бойынша әрбір қалалық Open Almaty-дағы аудандық әкімдік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56