^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Б.Сағынтаев: Алматының жаңа аудандары тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру - менің жеке бақылауымда
03 шілде 2019

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен танысуда. Бүгін ол Наурызбай ауданында жұмыс сапарымен болды.

Ауданды аралаған кезде Б.Сағынтаев әкімшілік орталықта болды, мұнда ол ауданды дамытудың преспективалық жоспарымен және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен танысты. Наурызбай ауданында орналасқан ХҚКО ол келушілермен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесін талқылады.

Алматы әкімі Шұғыла мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенін көрді. Ауланы аралаған кезде Б.Сағынтаев тұрғындармен тілдесті және алдағы болатын аппарат отырысында мөлтек ауданды абаттандыру мәселесінің қаралатынын атап өтті.

«Нақтылы жоспар әзірлеудеміз, жауаптыларды белгілейміз, олардың телефондары мен аты-жөндері жазылған тақтайшаларды ілеміз, сол арқылы тұрғындар кімнің қай учаскеге тікелей жауапты екенін білетін болады. Өмір сүру үшін жайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз», - деді Алматы әкімі.

Бақытжан Сағынтаев «Ақсай» фильтр стансасында болды, мұнда ол сумен қамтудың ағымдағы жағдайы мен жоспары туралы есепті тыңдады. Таусамалы, Ақжар, Құрамыс мөлтек аудандарында су тасымалын ұлғайтуды тапсырды.

«Аудан әлі жас, оның қалаға қосылғанына небәрі бес жыл толды. Мұндағы жеке сектор үлкен, адамдардың қала стандарты бойынша өмір сүргілері келеді, сондықтан қазірден бастап тиісті басқарламалар мен аудан әкімдігі бірге осы бағыттар бойынша жұмысты күшейтулері тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысы аудан әкімі С.Тоғайға бүгін берілген тапсырмалардың орындау барысын күнделікті тексеруді және жұмыс жүріп жатқан учаскелерде үнемі болуды тапсырды. Қала әкімі Абай даңғылы бойын Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін үңгілеу жұмысының және Әшімов көшесінің қиылысына салынып жатқан жолайрығы құрылысының барысымен танысты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56