^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 21 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
04 шілде 2019

Алматы әкімі Б.Сағынтаев қала Полициясы Департаментінің жедел басқару Орталығында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – қылмысты түбегейлі азайту және халықтың полицияға деген сенімін арттыру.

Кеңес барысында мегаполисте құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды.

Қала әкімі полиция жұмысына сапалы өзгерістер енгізуді тапсырды. Патрульдік қызмет жұмысын қайта қарау және құқық бұзушылықты жедел анықтау үшін видеобақылау желісін кеңейту қажет.

Ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, қалалықтардың қауіпсіздігін жақсарту жолында жүзеге асқан нақтылы шараларды кеңінен түсіндірген жөн.

Полиция Департаменті учаскелік пункттерге тексеру жүргізіп, модернизациялау бойынша ұсыныстарын берулері тиіс.

«Бұл жұмыс тұрақты негізде қоғамдық кеңеспен бірге, тығыз байланыста жүргені жөн. Қылмыс деңгейі төмендесе, бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижелі болғаны. Жалпы, адамдар өздерін қауіпсіз сезінулері тиіс», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Қоғамдық кеңес мүшелері өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Кеңес барысында «Қазақстанның газ ассоциациясы» заңгерлері қоғамдық қауымдастығының президенті Андрей Моргунов, «Ақжол» демократиялық партиясы АҚФ төрағасы Нұрлан Жазылбеков, «ExspressAutoservice» компаниясының президенті Александр Белянов, «Ақпарттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Көбеева сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Қала әкімі Алматы прокуратурасының құқық қорғау қызметі Орталығының жұмысымен, «ЕРАП» функционалды желісімен және «Е-қылмысты іс» жүйесімен, «Қауіпсіз қалаға 21 қадам» жобасымен танысты.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жайлы қалалық орта мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда »»
19 қыркүйек 2019 - 19:59
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су ресурстарын басқару және газдандыру сызбасын жүзеге асыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Омарханов 2018 жылы қалада 228 км су құбырлары мен 207 кәріз желілерінің салынғанын және жөнделгенін айтты.   Нәтижесінде, 90 мың қала тұрғыны орталық су жүйесін (Қалқаман, Достық, Шаңырақ-1,2, Дархан, Байбесік, Жас Қанат, Қарасу, Алтын Бесік, Алғабас, Көкқайнар, Ұлжан-1,2, Рахат-Мәдениет, Т...
Б. Сағынтаев: ШОБ қаржылық қолдау көрсету үш есе артады »»
19 қыркүйек 2019 - 17:59
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлағандай, 2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.   Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез-келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады. Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ...
Б. Сағынтаев: Алматыда шамамен 620 мың жаңа жұмыс орындарын құру қажет »»
19 қыркүйек 2019 - 17:03
19 қыркүйекте Kazakhstan Growth Forum 2019 сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде ұзақ мерзімді перспективаға арналған Алматыны дамытудың жаңа стратегиясын жасау бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады. Құжат жобасына сәйкес, қаланың төменгі аудандарындағы 6 аумақты дамыту жоспарлануда: жаңа қалалық орта Downtown, Солтүстік қақпалар, Шығыс қақпалар, Батыс қақпалар, Оңтүстік қақпалар, «Алатау» ПИТ АЭА. Бұл аймақтарда тұрғындардың едәуір өсімі шоғырланатын болады...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56