Б.Сағынтаев Nur Otan партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды
05 шілде 2019
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысқан кезектен тыс өткен XXV конференцияда депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Бақытжан Сағынтаев партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.
Конференциядан соң Б.Байбек пен Б.Сағынтаев қаланың Индустриалды аймағындағы кәсіпорындарда болды және көлік жолайрығы бойымен қозғалыстың ашылуына қатысты.
Asia Steel Pipe ЖШС мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін үлкен диаметрлі балқытылған құбырлар шығаратын бірінші цехының техникалық өнімі берілді.
Б.Байбек пен Б.Сағынтаев Tokyo Rope Manufacturing трансұлттық корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйелерін өндіретін Tokyo Rope Almaty зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның ТМД бойынша баламасы жоқ және ол жапондық инвестиция есебінен салынған.
Жеңіл автомобильдерді шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan зауытының құрылыс алаңында болды. Зауыт іске қосылғанда 700-ден астам алматылық жұмыспен қамтылады. Алғашқы кезеңде кәсіпорын қуатына 30 мың автомобиль құрастырады, алғашқы Hyundai көлігі конвейерден келер жылы шығады.
Электробустарды шығаратын Falcon Eurobus зауытына барған кезде электротранспорт жабдықтары үшін аккумулятор батареяларын өндіретін зауыт құрылысын бастау рәсімі өтті. Ол іске қосылғанда өндіріс локализациясының деңгейі артады.
Б.Байбек пен Б.Сағынтаев Алматыда шығарылған жаңа электробустарды көрді. Олар электробуспен Төле би көшесінің бойымен (Яссауи көшесінен) ШАКЖ дейін барды. Жақын арада осы №206 бағыт бойынша алғашқы made in Almaty электробустары жүре бастайды.
Бұдан соң Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары мен қала әкімі Рысқұлов даңғылы – Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойымен солтүстік бағыт бойынша көлік қозғалысының ашылуына қатысты. Мамандардың бағалауы бойынша бұл учаскенің көлік өткізу қабілеті 15%-ке артады.