^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 18 тамыз 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі ретіндегі алғашқы жұмыс аптасы
07 шілде 2019

Фоторепортаж. 2019 ж. 1-5 шілде

Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі ретіндегі алғашқы жұмыс аптасы

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі ретіндегі алғашқы жұмыс күнінде әлеуметтік желілерде өзінің ресми аккаунттарын ашты. «Алматы әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала, Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Менің басты мақсатым – Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру», - деп мәлімдеген қала басшысы тұрғындарды шаһарды дамыту мен оның проблемаларын шешу бойынша ашық диалогқа шақырды.

 

 

2019 ж. 1 шілде

Қала әкімі Алматының қоғамдық кеңесімен, ҮЕҰ және жастар ұйымдарымен кездесулер өткізді. Бақытжан Сағынтаев олардың барлығын қаланы дамытуға белсенді атсалысуға шақырды. Әсіресе, экология, қауіпсіздік, өмір сүру деңгейін арттыру бойынша.

Дәл осы күні әкім Түрксіб ауданының тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласының жағдайымен танысты, тұрғындармен жүздесті және оларды толғандырған мәселелерді талқылады.

 

2019 ж.2 шілде

Қаланың ҮЕҰ кездесу кезінде экология, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жастар саясаты бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру жөнінде ашық диалог өрбіді.

Алатау ауданын аралаған кезде Б.Сағынтаев жол-көлік инфрақұрылымымен, ТҮКШ танысты. Қала әкімі энергетикалық кешендерді модернизациялау жобаларын көрді.

 

2019 ж.3 шілде

Медицина қауымдастығымен кездескен Бақытжан Сағынтаев Алматының медициналық қызметке бір қадам жақын, цифрландыру, медқызметтің сапасын арттыру, дәрілердің жетімділігі, сыбайластықпен күрес бағытын ұстанатынын атап көрсетті.

Сапалы медициналық қызмет - Алматының жаңа әкімінің басты міндеттерінің бірі.

Наурызбай ауданын аралаған кезде қала әкімі ауыз су, абаттандыру, коммуналды шаруашылық мәселелерін көтерген тұрғындармен кездесті. Қала басшысы айтылған мәселелерді, оның ішінде жаңа тұрғын кешеніне газ тартуды өзінің жеке бақылауына алды.

 

2019 ж. 4 шілде

Қауіпсіздік – Алматының басты бағыттарының бірі. Қала әкімі Алматы прокуратурасының құқық қорғау қызметі Орталығының жұмысымен, «ЕРАП» функционалды желісімен және «Е-қылмысты іс» жүйесімен, «Қауіпсіз қалаға 21 қадам» жобасымен танысты.

Құқыққорғау органдарымен және қоғамдық кеңеспен өткен жиында қала басшысы патрульдік қызмет жұмысын күшейтуді, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту үшін видеобақылау желісін кеңейтуді тапсырды.

Жетісу ауданын аралған қала әкімі жол-көлік инфрақұрылымы объектілерімен танысты.

Ауданды абаттандыруға айрықша назар аударылды. Б.Сағынтаев ТК аулаларында балалар алаңдарын салуды және скверлерді бөлуді тапсырды.

 

2019 ж.5 шілде

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысқан кезектен тыс өткен XXV конференцияда делегаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Бақытжан Сағынтаев партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.


Алматы әкімі Б.Сағынтаев пен Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек Индустриалды аймақта болды.

Бұдан соң Алматыда шығарылған жаңа электробустарды көрді. Олар электробуспен Төле би көшесінің бойымен (Яссауи көшесінен) ШАКЖ дейін барды. Жақын арада осы №206 бағыт бойынша алғашқы made in Almaty электробустары жүре бастайды.

Дәл осы күні Рысқұлов даңғылы – Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойымен солтүстік бағыт бойынша көлік қозғалысы ашылды.


Алматы әкімі дәл осы күні жұмыс сапарымен Әуезов ауданында болып, «Алматы қаласының көлік холдингінің» жұмысымен танысты. Метроның «Достық» бекетінің құрылыс барысын тексерді.

Б.Сағынтаев «Мамыр-4» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, жөнделген аулаларды көрді. Аудан әкіміне жарықтандыру мен жасылдандыру жұмыстарын жүргізгенде қалалықтардың талабы ескерілуі тиіс екені тапсырылды.


Б.Сағынтаев ҚБТУ жастармен - K-PRO жобасының интерактивті білім алаңына қатысушылармен кездесті.

Б. Сағынтаев мегаполисті дамыту және жастардың рөлі туралы өз ойымен бөлісті.

Жастар өкілдері өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Өмір сүру деңгейі бойынша әлемнің топ-200 қалаларының қатарына ену үшін не істеу керектігі туралы пікірлерін ашық айтты.

Кездесу соңында бірге суретке түсті.

Әрине, селфи де болды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді »»
17 тамыз 2019 - 19:09
17 тамызда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті   Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда. Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. ...
19 тамыздан бастап OpenAlmaty порталында "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады »»
16 тамыз 2019 - 12:19
2019-2020 жылдарға арналған "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады.   Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн. теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімд...
Алматылықтар өз кәсібін ашуға жеңілдетілген несие алады »»
15 тамыз 2019 - 16:20
Алматыда биыл алғаш рет «Бастау» жобасы қолға алынады. Бұл құнды жобаның басты ерекшелігі - кез-келген жұмыссыз немесе ауылдан келіп, жеке ісімен айналысқандар, жасына қарамастан кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие алады.   Курсқа қатысуға ниет білдіргендерді тестілеу 6-7 қыркүйекте басталады. Тыңдаушылар үшін жоба тегін, тіпті оған қатысушыларға бірреттік стипендия беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз- орталығында журналистермен болған бри...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56