^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 15 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б.Сағынтаев Алматы қаласының кәсіпкерлер қоғамдастығымен ШОБ дамытудың өзекті проблемаларын талқылады
10 шілде 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және қала бизнесмендерімен кеңес өткізді. Оның барысында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету механизмдері мен дамыту жөнінде нақтылы және ашық әңгіме өрбіді. Базарларды модернизациялау, туристік потенциалды тиімді пайдалану, Алматының геоақпараттық картасын жетілдіру, ИТ саласы мен цифрландыруды дамыту тақырыптары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, станционардан тыс сауда нүктелерін құру арқылы көше саудасын ынталандырудың шаралары қаралды.

Мегаполис әкімі Алматының бизнес пен экономиканың сервистік құрылымы бар жеке капитал қаласы екенін атап өтті. Экономикадағы мемлекеттің үлесі 2,4%-дан аспайды, ал шағын және орта бизнестің үлесі 39,5%-ды құрайды, бұл мұнайға тәуелді емес тұрақты экономика.

Дамудың «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы басталды, үкімет тарапынан халық тұтынатын тауарлар шығару, шикізат пен өнімдерді алғаш өңдеу қолдау табатын болады. Кәсіпкерлер 7 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 8% болатын жеңілдетілген несиелерді ала бастады. Бұған мемлекет тарапынан 600 миллиард теңге бөлінді.

Мемлекетпен арадағы іс-қимылдың барлық процедуралары жеңілдетілді. Алматыда бизнесті «қағазсыз» жүргізуге, интернет арқылы кәсіп ашуға, есеп-фактураларды толтыруға, банк операцияларын жүргізуге, салық есебін тапсыруға, құрылыс салуға рұқсат алуға, эскиз жобасын және электр желісіне қосылу үшін келісім жасауға әбден болады.

Бір терезе принципі бойынша қалада «Инвестиция үйі» ашылған, мұнда кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетіледі. 2015 жылдан бастап көшелерді реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүруде, қазір бұл жерлер туристер, тұрғындар мен бизнесмендер үшін тартымды орындарға айналған.

Кеңесте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов сөз алып, Алматының қаржы орталығы және қаржының қолжетімділігі жағынан жетекші екенін атап өтті. Мысалы, «Дамудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидия алған жобалардың жалпы санының 7 %-ы Алматыға тиесілі.

Ағымдағы істер туралы қала кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов айтып өтті.

Алматының кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері түрлі салаларда қаланың бизнес-ахуалын одан әрі жетілдіру бойынша өздерінің ойларын ортаға салды, олар: «Meat Product Service» ЖШС бас директоры Бақытжан Әбдірәсілов, «Alina group» ЖШС директоры Ерлік Балфанбаев, «ЭФКО-Алматы» ЖШС директоры Нұржан Қожамұратов, IDC өңірлік директоры Андрей Беклемишев, Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева, «Tornado Plus» ЖШС директоры Игорь Проценко, «Tanmedia group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов және басқалары. Базарларды модернизациялау, туризмді дамыту, МЖС механизмдері, электронды сауда субьектілері үшін салық преференциясы бойынша бұрыннан бар мәселелер мен оларды шешу жолдары кеңінен сөз болды.

АНЫҚТАМА

Алматы еліміздің қаржы орталығы ретінде қаржының қолжетімділігі жағынан жетекші орында. Мысалы,«Дамудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидия алған жобалардың жалпы санының 7 %-ы Алматыға тиесілі. Жалпы ШОБ саны 4,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі көлемі 7,8%-ға, бөлшек сауда айналымы 5,3%-ға, көтерме сауда айналымы 3,5%-ға өскен. Қазіргі кезде Алматыға көтерме сауданың 46%, бөлшек сауданың 32%, еліміздің сыртқы сауда айналымының 20%, ҚР ЖІӨ 20% тиесілі.







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев АМСК қызметінің індеттің жаңа толқынына дайындығын тексерді »»
15 тамыз 2020 - 11:54
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев №17-ші қалалық емханада болып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің КВИ індетінің жаңа толқыны жағдайына қалай бейімделетінін тексерді.   №17-ші емханада таза және кір аумақтар арнайы бөлінген, фильтрлер мен бақылау постылары орнатылған. Науқастар ағыны дараланған, яғни емделуге жатқызылатын немесе тексеруден өтетін ЖРВИ белгілері бар сырқаттар, балалар, жүкті әйелдер өзара араласпайды. Бұрынғыдай дәлізде бірге тұрмайды. Олар үшін жеке процедуралық және зертханалық ...
Алматылықтар үшін ақылы жастар тәжірибесі: 150-ден астам түлек жұмысқа орналасты »»
14 тамыз 2020 - 18:15
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте Жастар Ресурстық Орталықтары мен халықты Жұмыспен Қамту орталығы белсенді жұмыс істейді.   Орталықтардың басты міндеті – жұмыс тәжірибесі жоқ (29 жастан аспаған) жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. «Жастар практикасы бағдарламасына» осы критерийлерге сәйкес келетін жастар қатыса алады, бұл мамандық бойынша одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға...
Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын »»
14 тамыз 2020 - 17:39
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.   Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.   «Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ а...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz