^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 28 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Талғат Сәрсенбаев Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды
09 шілде 2019

Т.Сәрсенбаев 1966 жылы туылған. 1987 жылы Қарағандыдағы КСРО ІІМ-нің жоғары мектебін, 2015 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін басшыларға арналған Executive MBA бағдарламасы, Duke University's Fuqua School of Business бірлескен бағдарламасы бойынша бітірген.

Әр жылдары құқыққорғау органдарында істеген, жоғары оқу орындарында сабақ берген, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде кеңесші, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы болған, «Самрұқ-Қазына» АҚ жұмыс істеген.

Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Үкіметі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі қызметін атқарған.

Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Өз кезегінде бұрындары осы позицияны атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56