^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 28 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және ҚР АҚШ Елшісінің орынбасары Теодор Линг инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективалары мәселелерін талқылады
22 шілде 2019

Бүгін, 22 шілдеде Алматы әкімі Б.Сағынтаев Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Теодор Лингпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және Алматыда американдық капиталмен телекоммуникация, қаржы, сауда салаларында 181 кәсіпорынның жұмыс жасайтындығы айтылды. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 5 айында 9%-ға өскен.

Б.Сағынтаев Т.Лингке мегаполистің Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сай даму концепциясы туралы айтып берді және Алматы үшін ірі қалалардың қоғамдық қауіпсіздік пен жалпы қала кеңістігі жөніндегі оң тәжірибелерінің пайдалы екенін атап өтті.

Т.Линг Б.Сағынтаевқа ризашылығын жеткізді, Алматының екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті және инвестициялық, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының медициналық қызметі коронавирусқа қарсы тұруға дайын »»
27 қаңтар 2020 - 18:06
Алматыда халықаралық стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясының-асқынған инфекциялық аурудың тарауын болдырмау бойынша нақтылы шаралар қабылдануда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.   Асқынған инфекциялық ауруды әкелуге және оның тарауына жол бермеу мақсатында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілді. Айтар болсақ, әуежай мен теміржол вокза...
Алматыда 2020 жылдың алғашқы 20 күнінде қылмыс деңгейі 38%-ға төмендеді »»
27 қаңтар 2020 - 16:30
Құқықбұзушылықты видеобақылаудың автоматты жүйесі алғашқы оң нәтижені беруде. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 бекеті жұмыс жасай бастады. Алғашқы 22 күн ішінде олар 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді. Нәтижесінде осы күндер ішінде ЖКО 11,6%-ға төмендеген. Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 38%-ға қы...
Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56