^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 3 шілде 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша берген тапсырмасы қалай орындалуда
22 шілде 2019

Әкімнің тапсырмасына сәйкес Алматының 120 көшесіне жарық берілді, жыл аяғына дейін тағы 208 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған. Негізінен жарық желілері Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Алатау аудандарындағы бұрын жарығы болмаған көшелерге тартылады.

Бұл қаланың қараңғы көшелерінің 30% жарықтандыруға мүмкіндік береді. Алматыда жарығы жоқ 1073 көше бар. Қаланың шет аймақтарындағы 744 көшені жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, жоба 2020-2021 жылдары іске асады.

Мегаполисте 217 көшені жартылай жарықтандыру шаралары қолға алынған. Көшелерді қажетті жарық көздерімен толық қамтамасыз ету келесі жылға жоспарланған.

Айта кетерлігі, барлық аулаларға энергия жинақтаушы жарық диодты шамдар орнатылады, бұлар бұрынғыларға қарағанда электр энергиясын 15%-ға үнемдейді. Бұдан өзге, LED шамдары кез-келген затты табиғи және анық көрсетеді.



Алматының Энерготиімділік және
инфрақұрылымдық даму басқармасы

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды
02 шілде 2020 - 23:53
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.   Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды. Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мекте...
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті  »»
02 шілде 2020 - 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылы...
Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді
01 шілде 2020 - 16:03
Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елдегі эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге, Қазақстан аймақтарына дәрі-дәрімек пен жеке қорғаныс құрылдарын жеткізу мәселелеріне байланысты түсініктеме берді.   Елдегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр, коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары орын алуда. Дәрі-дәрімекпен қамту мәселелері қосымша атап өтіліп, қазір олар шешімін тапты. Людмила Бюрабекова соңғы кездері көптеген қалаларда дәр...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz