^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда инженерлік желілерді реконструкциялау қалалықтардың жайлылық деңгейін төмендетпейді
22 шілде 2019

Алматыда жылу маусымы аралығы кезеңінде жыл сайын жүргізілетін инженерлік желілерді реконструкциялау жылумен, сумен қамтуда және басқа да жүйелерде кенеттен болатын келеңсіздіктердің алдын алып, коммнуалдық қызметтің деңгейіне кері әсерін тигізбейді, қалалықтарға еш ыңғайсыздық тудырмайды деп хабарлайды қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.

«Мақсат – реконструкциялау желісіне қосылған Алматы тұрғындарының жайлылық деңгейлеріне еш нұқсан келтірмеу және оған қолжетуде. Құбырларды тарту барысында уақытша сызбалар арқылы тұтынушыларға су міндетті түрде беріледі», - деп атап өтті басқарма басшысы Әсет Масабаев.

Оңтайлы әдіс бірден бірнеше мәселені шешуде. Қалалықтарды толық және сапалы коммуналдық қызметпен қамтумен қатар коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жағдайын жақсартуға және оларды тиісті деңгейде ұстап тұру үшін қаржының бөлінуіне, көрсетілген қызмет үшін төлемдердің дер кезінде түсуіне ықпал ететінін айтты.

Жөндеу жүргізу мүмкін емес уақытша коммуникациялары бар әрі көп шығындалатын объектілер есепке алынбайды. Мысалы, егер тұрғын үй жылу жүйесі жөнделіп жатқан жерден алшақ болса, онда оны өзге желіге қосу техникалық жағынан мүмкін емес, ал уақытша құбырды орнатуға кететін шығын тұрақты қолданыста болатын жаңа құбыр салуға жұмсалатын қаржымен бірдей, яғни экономикалық жағынан тиімсіз.

Айта кетерлігі, суық сумен және кәріз жүйесімен қамтуда мұндай проблема мүлдем жоқ, жөндеу жұмыстары кезінде су тұтынушыға үздіксіз беріледі және өзге сызба бойынша ажыратылады.

ЭжИД басқармасының басшысы реконструкция кезінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға ұзақ уақыт тиісті коммуналдық қызметтердің көрсетілмейтіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қалада ыстық және суық су мен кәріз желілері ұзақ уақытқа үзілген емес. Тозығы жеткен инженерлік желілерде кенеттен болатын апаттар кезінде олар ажыратылып, жөндеу жұмыстары жедел жүргізіледі. Қазіргі кезде заманауи техниканың күшімен апатты жою және жылумен, сумен қамту орташа 7 сағаттан 6 сағатқа дейін қысқарды», - деді Ә.Масабаев.

2014 жылдан ескі жылу желілері 2,2% төмендеген, 63,5% дан 61,3% қысқарған, ал магистралды жылу жүйелеріндегі ақаулар 37%-ға азайған.

Алматыда соңғы 5 жыл ішінде магистралды жылу желілерінің 103,8 км астамы жөнделген, олардың 28,6 километрі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша

Энерготиімділік және
инфрақұрылымдық даму басқармасы

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56