^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 28 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматы» телеарнасының Бас директоры тағайындалды
23 шілде 2019

Кеше, 22 шілдеде «Алматы» телеарнасының ұжымы жаңа басшымен танысты.

«Алматы» телеарнасының директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бұрынғы Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Алматы» телеарнасының Бас директоры қызметіне тағайындалды.

Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы еңбек жолын Қазақ радиосында балалар мен жастарға арналған бағдарламалар редакторы қызметінен бастаған. 1991 жылы Қазақ радиосының «Шалқар» ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы болып тағайындалды.

1992 - 1994 жылдары Қазақ радиосының саяси сарапшысы және Бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1995 - 1997 жылдары ҚР Президентінің баспасөз қызметінде енбек етті.

1997 - 2006 жылдары Қазақстандағы «Internews Network» Халықаралық ұйымы өкілдігінің директор орынбасары, атқарушы директоры болды.

2006 - 2011 жылдары «31 телеарнасына» жетекшілік етті.

2011 жылдың шілде айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» АҚ ТРК Басқарма Төрайымы қызметін атқарды.

2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «31 арнаның» Бас продюсері, «Қазақстан» АҚ ТРК құрамындағы «Қазақ Радиолары» ЖШС Бас директоры қызметінде болды.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56