^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 31 наурыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандардың қалалық қоғамдастығымен кездесті
24 шілде 2019

Бүгін, 24 шілдеде Алматы әкімі Б. Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Кездесуге әкімнің орынбасарлары Е.Әукенов, І.Өсеров, Әлеуметтік әл- ауқат басқармасыныңм басшысы  С.Сайфеденов, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қ. Төсекбаев, Білім басқармасының басшысы Г. Қожабергенова, қалалық Мобилділік басқармасының басшысы С. Телібаев, мүгедектерді реабилитациялаумен және көмек көрсетумен айналысатын ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кедергісіз кеңістік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына бейімдеу мәселелері жан- жақты талқыланды.
Бұл іс бойынша жеке емдеу мекемелерімен жұмыстар жүргізу ұсынылды.Көлік инфрақұрылымының қолжетімділігі, оның ішінде арнайы қоғамдық көліктің, жаяу жүргінші өтетін жерлерде дыбысты бағдаршамдардың болуы айтылды.Қалалық мобилділік басқармасының мәліметі бойынша биылғы жылы төмен еденді қоғамдық көліктің 73%-ын жиналмалы пандустары бар автобустар құрайды.

Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 80%-ға дейін артады.Патологияның ерте диагностикасы, балаларға инклюзивті білім беру, мүгедектерді реабилитациялау мен еңбекпен қамту маңызды мәселелер. «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаева, «Altyn Time» мүгедектер ұйымының төрағасы Сағат Омарғалиев, Алматы қалалық мүгедектер қоғамдастығы төрағасының орынбасары Ұлан Іңкәрбеков, «Соқырлардың қазақ қоғамдастығы» ҚҰ Алматы қалалық филиалының төрайымы Кабира Қоңырбаева, «Кеңес» ҚҰ төрайымы Майра Сүлеева, «Подранки» мүгедектер ҚҰ төрайымы Ғалия Тобатаева өз ойларын ортаға салды.Кеңестің қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қ. Төсекбаевқа жеке емдеу мекемелерінің қолжетімділігі бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қ. Төсекбаев пен Білім басқармасының басшысы Г. Қожабергеноваға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігі үшін нысандарға аудит жүргізуді міндеттеді. Реабилитациялық орталықтың құрылысын жүргізу мәселесі жеке қаралатын болады.Қала басшысы қоғамдық ұйымдар өкілдеріне көтерілген мәселелерді шешу және олардың жүзеге асырылуын бақылау жөнінде қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеуге қатысу жөнінде ұсыныс жасады.

«Мен ашық әңгіме үшін ризашылығымды білдіремін.Пайдалы  диалог болды. Сіздер кемшіліктерді көрсетіп, олқылықтарды айттыңыздар. Бірде - бір ұсыныс қараусыз қалмайды, барлық пікірлер ескеріледі, көтерілген мәселелерді бірігіп шешеміз., - деп атап өтті Алматы әкімі.Жалпы, Алматыда 43,2 мың мүгедек жандар тұрады.

 

   

 

 

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Қаладағы нысандарды өңдеу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану бойынша ақпарат  »»
31 наурыз 2020 - 14:14
Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. Төтенше жағдай кезінде 600 текше метр (600 000 литр) ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылды.   Қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 литр дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге ж...
Алматыда карантин кезеңінде қызметіне рұқсат етілген кәсіпорындар үшін ақпараттық хабарлама »»
31 наурыз 2020 - 13:36
2020 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында Алматыда барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.   Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті компаниялар ғана жұмысын жалғастырады. Ары-қарай оқу үшін және қандай салалар өз жұмысын жалғастыратыны туралы мына сілтемелерден қарау керек. Егер сіздің компанияңыз рұқсат етілген салаларға кірсе, онда сізге мына төменде берілген үлгілерді толтыру қажет: №1 үлгі (кәсіпорындар бойынша): https://forms.gle/PfjLFPK4DgyBnQt27 ...
Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтатылды
30 наурыз 2020 - 21:44
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00.00-ден бастап, Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады.   Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалынып...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56