^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 17 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтады
25 шілде 2019

Бүгін, 25 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Хоравтияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабановичпен кездесті.
Б. Сағынтаев Алматының негізгі даму бағыттарын айтып берді. Тараптар қала экономикасы, сауда, қызмет көрсету, көлік пен логистика, цифрлы технология, туризм салалары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Алматыда хорваттық капиталмен 7 кәсіпорын жұмыс жасайды. Биылғы жылдың 5 айы ішінде Алматы мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 3,2 млн астам АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35%-ға көп. Ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың барлық тетіктері бар.
Алматы еліміздің қаржы және экономикалық орталығы ретінде шетелдік капитал үшін жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Инвестиция үйі ашылды, шетелдік серіктестермен байланысты күшейту үшін барлық жағдайлар жасалуда.
Әкім Алматының ЕАЭО пен Қытай нарығына шығуда маңызды көлік- логистикаклық хабтың бірі екенін атап өтті. Бұл Хорватиямен арадағы бизнеске қосымша перспективалар ашады. Өз кезегінде Алматы Хорватияның негізгі саласы болып табылатын туризмді дамыту жөніндегі тәжірибесін игеретін болады.
Б. Сағынтаев хорваттық туроператорларды Алматыда 2020 жылдың 14-16 сәуірінде өтетін Халықаралық KITF-2020 туристік көрмеге қатысуға шақырды.
«Бізге Хорватияның ақпараттық технологияны, туризм мен спорт, білім, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы тәжірибесі өте құнды»-, деп атап өтті Алматы әкімі және алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жасыл қорды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді »»
17 қаңтар 2020 - 12:54
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Сондай-ақ баспасөз конференциясына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты. Естеріңізге сала кетейік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56