^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда бейнешолулар байқауының қорытындысы шықты
30 шілде 2019

Бүгін, 30 шілде күні Visitalmaty туристік хабында Алматы бейнешолулар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл - бірінші байқау. Мақсаты - Алматы туралы қызықты контент жасау арқылы қазақстандықтар мен қала қонақтарының шығармашылық белсенділігіне қолдау білдіру. Байқауға 18 жұмыс келіп түсті. Екі үздік бейнешолудың авторы ретінде Әлия Байбусинова мен Дэн Коба танылды. Ынталандыру сыйлығын Баймахан Қажмахан, Сұлтан Унаспеков пен Азамат Таскимбаев қанжығасына байлады. Ал, қосымша жүлдеге Константин Колодков лайық деп танылды. Ол Digital, TV және Procontent кино мектебінде бейнемонтаж курсынан өту мүмкіндігіне ие болды.

Қазылар алқасының мүшесі әрі "48 сағаттың ішінде түсіру" фестивалінің ұйымдастырушысы Андрей Мануйловтың айтуынша, бас жүлдеге ие болған жұмыстар расымен мықты. Бұл үздіктерді өзімізде ғана емес, шет елдерде де ұялмай көрсетуге болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56