^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 28 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Басқарма басшылары мен аудан әкімдері тікелей эфирде алматылықтардың сұрақтарына жауап береді
31 шілде 2019

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халықпен ашық диалог орнатуды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі өз қызметінде ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын басшылыққа алуда. Алматы қаласының әкімі ретінде Бақытжан Сағынтаев өзінің бірінші жұмыс күнінде-ақ әлеуметтік желілерде ресми аккаунттарын ашқанын хабарлаған еді. – Мен үшін Сіздердің барлық өтініштеріңіз бен тілектеріңізге дер кезінде үн қатып, жауап беру өте маңызды. Өз басым қаланың түйткілді мәселелері мен оның даму стратегиясын ашық талқыласақ деймін. Қала тұрғындарының тағдырына байланысты шешімдер қабылдаған кезде, мен үшін Сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Сіздермен бірге ашық диалог орнатуға дайынмын! – деді шаһар басшысы алматылықтарға арнаған сөзінде. Халықпен ашық диалог құру үшін аудан әкімдері мен басқарма басшылары «Алматы» телеарнасындағы «Акимат Live» бағдарламасында алматылықтардың сұрақтарына жауап беретін болады. Бағдарлама аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері, сағат 20:00-де шығады. Тікелей эфир кезінде телефон арқылы немесе әлеуметтік желілерде сұрақтар қоюға болады. Эфир YouTube және Facebook-те көрсетіледі. Эфирдің бірінші қонағы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай болды.

Тұрғындар абаттандыру, сумен жабдықтау, жолдарға қатысты сұрақтарын қойды. Ертең, 1 тамыз, сағат 20.00-де Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді.

Сұрақтарды «AlmatyTV» телеарнасының әлеуметтік желілерінде - Instagram, YouTube, Twitter, Facebook беттерінен қоюға болады. Сонымен қатар, өтініштер WhatsApp: 8 777 046 33 33 нөмірі бойынша және E-mail бойынша қабылданады: webalmatytv@gmail.com Тікелей эфирді, сондай-ақ, Facebook, Youtube және almaty.tv телеарнасының сайтынан да көруге болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56