^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Ресей Федерациясының қалаларымен өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
31 шілде 2019

Бүгін, 31шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы РФ Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті.

 

Кездесу барысында Б. Сағынтаев Президент Қ. Тоқаев берген тапсырмаларға сәйкес мегаполисті дамытудың басты бағыттары туралы айтты және таяу арада тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың жаңа стратегиясы жасалатынын атап өтті. Құжаттың басты принципі - шетсіз қала, орталықтандыру, мегаполистің барлық аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру.

Алматы әкімі   қала үшін ресейлік әріптестердің қала кеңістігін жоспарлау мен Мәскеу, Санкт –Петербург, басқа да ірі мәдени- тарихи орталықтардың урбанистикасы бойынша тәжірибелерінің өте құнды екенін атап өтті.

Тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамыту переспективаларын талқылады. Алматыда ресейлік капиталмен сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп салаларында 2679 кәсіпорын жұмыс жасайды. Өткен жылы Алматы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 6,8% құрады.

Б. Сағынтаев ШОБ дамыту үшін оңды шаралардың жүзеге асқанын және әкімшілік кедергілердің азайғанын жеткізді. Қалада кәсіпкерлерге қолдау мен қызмет көрсететін «Qoldaў» орталығы және «Алматы» ӘҚК жанынан құрылған толық форматты «AlmatyInvest» инвестициялық блок жұмыс жасауда. Алматы Ресей бизнесімен тығыз байланыста жұмыс жасауға ынталы және өзара пайдалы жобаларды талқылауға дайын.

Кездесу барысында мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.Белгілі болғандай, қазан айының алғашқы онкүндігінде Алматыда Мәскеу күндерін, ал 4-6 қарашада Санкт- Петербургтың гуманитарлық- іс- қимыл миссиясын өткізу туралы келісім жасалған болатын.

« Бұл шаралардың өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін. Біз оларды ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», -деп атап өтті қала әкімі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
Алматыда сауданы ұйымдастырудың бірыңғай Ережелері әзірленеді »»
22 қаңтар 2020 - 18:39
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауданы ұйымдастырудың жаңа Ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық алаңдарды орналастыру туралы айтты.   Өткен жылдың желтоқсанында қол қойылған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға сәйкес сауданы ұйымдастырудың Ережесі әзірленуде, онда сауданың стационарлық емес объектілерін (СЕО) орналастырудың негізгі талаптары мен орналастыру өлшемдері, бі...
Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді »»
21 қаңтар 2020 - 19:42
Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материал...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56