^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 28 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нығаятын болады
31 шілде 2019

Бүгін, 31 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Кездесу кезінде ағымдағы жағдайлар және сауда- экономикалық қатынастарды дамыту, мәдени- гуманитарлық байланыстарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру міндетін алға қойған еді. Оңтүстік Корея Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестерінің қатарына енген. Қазақстандағы оңтүстік кореялық инвестицияның 10 жыл ішіндегі (2008-2017 жылдар) көлемі 4,5 млрд астам АҚШ долларын құрайды.

Алматыда корейлік капиталмен сауда, медицина, құрылыс, телекоммуникация салаларында 320 кәсіпорын жұмыс жасайды.

Б. Сағынтаев Алматыда іскерлік байланысты нығайту үшін ашылған корейлік сауда және инвестициялар жөніндегі (KOTRA) Агенттік Өкілдігінің маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті. Биылғы жылдың 5 пайы ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 5,5% құрады.

Алматы әкімі қалада сервисті, мұнайға қатысы жоқ экономиканың қалыптасқанын атап өтті. Көтерме сауданың тең жартысы Алматыға тиесілі.

Экономиканың 40%-ын шағын және орта бизнес береді,еңбекпен қамтылған 10 адамның 7-і осында жұмыс істейді.

Алматы қаржы және экономикалық орталық ретінде жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Қалада ШОБ 185 мыңнан астам субъектілері бар,Индустриалды аймақ және «ПИТ» АЭА жұмыс жасауда, инвестициялық жобалар үшін бірқатар преференциялар мен жеңілдіктер қарастырылған. Биыл Индустриалды аймақта Hyndai зауытының құрылысы басталды.

Инфрақұрылым мен көлік саласында байланыс дамуда. Өткен жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жүйесіне Алматыны тоғыстыратын БАКАД құрылысы басталды. Құырылыс жұмыстарына Оңтүстік кореяның SK Group, Korea Expressway Corporation компаниялары қатысуда. Бұлардан өзге, электрлі жылжымалы составтарды жеткізетін Hyundai Rotem мен Алматы Метрополитені арасында келісім жасалған.

Қала басшысы денсаулық сақтау, мәдени- гуманитарлық салалар бойынша өзара байланысты нығайту мәселелеріне де тоқталды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының медициналық қызметі коронавирусқа қарсы тұруға дайын »»
27 қаңтар 2020 - 18:06
Алматыда халықаралық стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясының-асқынған инфекциялық аурудың тарауын болдырмау бойынша нақтылы шаралар қабылдануда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында хабарлады.   Асқынған инфекциялық ауруды әкелуге және оның тарауына жол бермеу мақсатында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілді. Айтар болсақ, әуежай мен теміржол вокза...
Алматыда 2020 жылдың алғашқы 20 күнінде қылмыс деңгейі 38%-ға төмендеді »»
27 қаңтар 2020 - 16:30
Құқықбұзушылықты видеобақылаудың автоматты жүйесі алғашқы оң нәтижені беруде. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 бекеті жұмыс жасай бастады. Алғашқы 22 күн ішінде олар 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді. Нәтижесінде осы күндер ішінде ЖКО 11,6%-ға төмендеген. Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 38%-ға қы...
Бақытжан Сағынтаев профессор Шериаздан Елеукеновке «Барыс» орденін тапсырды »»
22 қаңтар 2020 - 22:52
Алматы әкімі Б. Сағынтаев жазушы және әдебиеттанушы Ш. Елеукеновке Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатты тапсырды. Ол бұл жөнінде өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды.   Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың тапсыруы бойынша құрметті миссияны Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орындады. Мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы қазақ ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56