^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 17 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Түрксіб ауданына қарасты "Нұршашқан" ықшамауданының 400 тұрғыны мобильді медицина тобының алғашқы емделушілері атанды
01 тамыз 2019

1 тамызда жылжымалы медициналық кешендер Түрксіб ауданының "Нұршашқан" ықшамауданына келді.

Ықшамауданның 400-ден астам тұрғыны мобильді топтың медицина қызметкерлерінен түрлі сұрақтар бойынша тегін медициналық тексерулер мен кеңестер алып үлгерді. Атап айтқанда, тұрғындар флюорографиядан, ЭКГ, офтальмолог, кардиолог, хирург, ЛОР дәрігер, гинеколог, уролог, невропатолог және басқа дәрігерлерден кеңес алды.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы халықтың сапалы медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуі қамтамасыз етілмеген қала аудандарына мобильді топтарды жіберуді ұйғарған еді.

Айлыққа басқармаға қарасты Алматы қаласының медициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жылжымалы кешендер тұрғындарды тексеру үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Тұрғындарға терапевт, педиатрлар, кардиологтар және басқа да профильді дәрігерлер қызмет көрсетеді. Айлықтың өтуіне Алматы қаласының әкімдігі және Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болуда.

Жылжымалы мобильді кешендердің шығу кестесімен Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтынан және Instagram, Facebook беттерінен танысуға болады.

 





  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жасыл қорды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтеді »»
17 қаңтар 2020 - 12:54
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Сондай-ақ баспасөз конференциясына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты. Естеріңізге сала кетейік...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56