^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Қала әкімдігі Ашық есік күндерін өткізетінін және халықпен кездесулер ұйымдастыратынын жариялады
02 тамыз 2019

Қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары халықпен кездесіп, ашық есік күндерін өткізіп, түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге көмектеседі.

Барлық аудандарда басқарма басшылары, тиісті аудандардың әкімдері және аудандық полиция басқармаларының бастықтары тұрғындармен кездеседі. Тамыз айында 32 кездесу өткізу жоспарлануда.

18 басқарманың басшылары қала әкімінің тиісті орынбасарларының қатысуымен "Open Almaty" қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ашық есік күндерін өткізеді. Іс-шаралар әр екі апта сайын қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін өтеді. Барлығы тоғыз іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аудан әкімдері күнделікті халықпен кездесулер мен ашық есік күндерін өткізеді. Мысалы, алдағы аптада 6-9 тамыз аралығында Әуезов, Медеу, Түрксіб, Наурызбай, Бостандық аудандарының әкімдері тұрғындармен кездеседі.

Ашық есік күндері мен халықпен кездесу кестелерін Алматы қаласы әкімдігінің, аудандардың және жергілікті БАҚ-тың ресми сайттарынан көруге болады.

Ашық есік күндерінің кестесі

Кездесулер кестесі

 

Әуезов ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

 

Медеу ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

 

Бостандық ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

 

Алатау ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

 

Жетісу ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

 

Түрксіб ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

 

Наурызбай ауданы әкімінің аудан тұрғындарымен кездесу кестесі

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56