^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 15 қыркүйек 2019
 
     
 
Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев триатлоннан Азия Кубогының Алматы кезеңінің жеңімпаздарын құттықтады
03 тамыз 2019

2019 жылдың 3-4 тамызында Алматы қаласында Сайран көлінде Almaty ASTC Sprint Triathlon Asian Cup - 2019 триатлоннан Азия Кубогының халықаралық кезеңі және "TEMIRADAM" Кубогының VІІІ кезеңі өтуде.

 

Триатлоннан Азия кубогы біздің қалада екінші рет өтуде. Бүгін кубокқа 23 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстандық 13 спортшының ішінен, кәсіби жарыстарға Ануар Турубаев, Кирилл Рожков, Абзал Орынбек, Юлия Озерова бақ сынасты.

Шараның жоғары халықаралық деңгейде өтуі үшін қала әкімдігі барлық жағдайды қамтамасыз етті. Asian Sprint Triathlon Cup бұл Азияның кәсіби (Elite) триатлоншылар арасындағы континентальді кубогы. 29 субконтинентальді елді біріктіретін жарысты Азиаттық триатлон конфедерациясы ұйымдастырады.

Кубок жеңімпаздарын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтап, барлық қатысушыларға жеңіс тіледі. Әйелдер есебінде алтынды қазақстандық Арина Шульгина иеленсе, ерлер арасында Феликс Дюшамб қанжығасына байлады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыны дипкорпус та құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:28
Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған. "Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", - делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатын...
Алматыны бауырлас қалалар құттықтайды
15 қыркүйек 2019 - 17:13
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде.   Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді. Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталы...
Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді »»
15 қыркүйек 2019 - 16:40
Қала күні аясында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан жеті азаматқа Алматының Құрметті тұрғыны атағын берді.   Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтуде. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді. Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді. Алматы қаласының Құрметті азаматы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56