^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 21 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Vision Zero Almaty» концепциясы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда
05 тамыз 2019

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте жыл аяғына дейін «Сергек» фото-видеофиксациясының тағы 707 постысы қосымша орнатылады. Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-і жол жиегіндегі желі учаскелеріне.

 

Бұл жүйе жылдамдықтың артуын, қызыл жарықтан өтіп кетуді, тұру-тоқтау желісін ескермеуді және автобус жолағымен жүруді бірден суретке түсіреді. Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, «жедел ашуға» ықпал етеді.

ПД өкілдерінің пікірінше, мұндай постылардың көп болуы көлік жүргізушілерді тәртіпке шақырады. Айыппұл төлеу кезінде адам факторы жойылады. Тәртіп бұзушылық автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі және көлік иесіне жіберіледі.

Еске салсақ, бұл жүйе ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 8 ай бойына «тестілік» режимде жұмыс жасаған. Осы кезең ішінде қаланың барынша қауіпті аймақтары анықталды, енді «Сергек» сол жерлерге орнатылады.

Айта кетерлігі, Нұр -Сұлтанда «Сергекті» қолдану оның тиімді екенін көрсетті. Астаналық автомобилистер мен қала қонақтарының жүргізушілік мәдениетінің арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жолдағы өлім екі есе төмендеді. Мұнда 2017 жылмен салыстырғанда жолдардағы өлім екі есеге төмендеген. Астана жолдарында егер 2017 жылы ЖКО 60 адам көз жұмса, 2018 жылы 34 адам қайтыс болған.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда демалыс күндерінің жаңа жәрмеңкелері ашылды »»
21 ақпан 2020 - 13:10
Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 аудандарында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.   Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақтылы шараларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу. 2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс жасады. Енді 2020 жылдың басына бері тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды...
Сағынтаев алматылықтар шағымданған әлеуметтік нысандарды аралады »»
20 ақпан 2020 - 17:08
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде жұмыстарына алматылықтар шағымданған әлеуметтік қызмет орталығы мен балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды.   Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін №3 Орталықта 350 орын бар, мұнда қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылғ...
Бақытжан Сағынтаев – Біз өзімізге жылдың соңына дейін Алматының барлық көшелерін жарықпен қамтамасыз етеміз деген биік мақсат қойдық »»
19 ақпан 2020 - 16:47
Бүгін мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.   “Өткен жылы көшелерді жаңғыртуға бөлінген қаражат есебінен 300-ден астам магистральді көшелерді жарықтандырдық. Жарықтандыру мәселелері Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында көтерілді. Біз жарық жүйесі жоқ барлық көшелердің тізімін қайта қарадық. Сондай мың көше анықталды. Жаңа жылдың басына қарай олардың саны екі мыңға жетті. Аудит және түгендеу...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56