^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
05 тамыз 2019

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

 

Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жазушы Сәбит Досановтың мерейтойы аталып өтті »»
20 қаңтар 2020 - 17:05
Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында танымал жазушы Сәбит Досановтың 80 жылдығына орайластырылған салтанатты кеш өтті.   Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановтың атына жазылған құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін оқып берді. Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, әдеби сыншылар, аудар...
Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56