^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 қаңтар 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы аудандарында «Бақытты отбасы» аналарды қолдау орталықтары ашылуда
05 тамыз 2019

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы аудандарында көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Бақытты отбасы» орталықтары ашылуда.

 

Бүгін, 5 тамызда «Жетісу» ауданында аналардың «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы өз есігін айқара ашты. Алматыдағы көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің кешенді бағдарламасы аясында «Isker Ana» бағдарламасы қолға алынды.

«ISKER ANA» бағдарламасының мақсаты - әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету.

Жобаның міндеті – көпбалалы аналарды жаңа мамандықтарға баулу. Яғни, киім пішу мен тігу, сұлулық кәсібі, аспаздық және ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау мамандықтары бойынша дәріс беру. Бұдан өзге, құрылыс-жөндеу саласы бойынша қызмет көрсету маманы ретінде оқуға болады. Көпбалалы отбасылар мүшелеріне өздері жасаған тауарларды Интернет арқылы өткізу мен сату және бизнес - жопарлар әзірлеу үшін маркетинг негіздері оқытылады.

Бүгін Жетісу ауданында «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 136 көпбалалы аналар тіркелді, олар болашақта өздерінің жеке бизнестерін ашу үшін кәсіби білім алуға ынталы. Еске салсақ, 16 шілдеде Бақытжан Сағынтаев көпбалалы аналарға қолдау көрсететін қалалық орталықта болып, әр ауданда осындай орталықтар ашу туралы тапсырма берген еді. Қала әкімі әйелдерді еңбекпен қамтуда олардың әрқайсысының мүмкіндігі мен қабілетін ескеру қажеттігін де атап өткен болатын.

«Жеке ісін бастағысы келетін әйелдерге көмектесу керек, гранттар бөліп, құрал- жабдықтар алуда қолдау көрсеткен жөн», - деген еді Алматы әкімі.

Жетісу ауданының орталығына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:

Жансүгіров / Ломоносов көшелері 65/34

Телефон: +7 (727) 234 31 80

Instagram: @baqyttyotbasy.kz

Жетекші: Доспалинова Айгүл Бижанқызы

Ұялы телефон: +7 708 160 67 89 +7 777 355 66 42

Эл. пошта: aigul.dosp@gmail.com







  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда жазушы Сәбит Досановтың мерейтойы аталып өтті »»
20 қаңтар 2020 - 17:05
Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында танымал жазушы Сәбит Досановтың 80 жылдығына орайластырылған салтанатты кеш өтті.   Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановтың атына жазылған құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін оқып берді. Мерейтой иесін құттықтауға жазушылар, әдеби сыншылар, аудар...
Сағынтаев Президенттік жастар кадрлар резервінен аудандар әкімдерін тағайындады »»
17 қаңтар 2020 - 19:27
Алматының Алатау және Түрксіб аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды   Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды. Аудандардың жаңа әкімдерін таныстырған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың Президенттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті. «Мемлекет басшысының дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ...
Алматы әкімінің бастамасымен мегаполисте таяу арадағы 3 жыл ішінде миллионға жуық ағаш отырғызылады »»
17 қаңтар 2020 - 18:49
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.   Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзірет...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56