^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 ақпан 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Қоғамдық орындарды жаяу қадағалаудың тиімділігі
06 тамыз 2019

Алматыны дамытудың басты бағыттарының бірі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікке ерекше мән беруде. Сондықтан қала басшысының тапсырмасы бойынша полиция Департаменті аулалар мен қараңғы учаскелерді ескере отырып, патруль жүргізу тәртібін қайта қарады.

Алматының полиция Департаменті хабарлағандай, мегаполисте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету форматы өзгерді: сыртқы қызметтер аулалар мен қоғамдық орындарға патруль жүргізуді, яғни қадағалауды бастады.

«Әр аудандағы барынша криминалды учаскелер мен қылмыс болатын жерлер уақыт, күн, апта бойынша сарапталды, жаяу және автоэкипаж нарядтары енді көпқабатты үйдердің аулаларын да қадағалайтын болады», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция Департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев.

Алғашқы ауысым өздеріне тапсырылған учаскені сағат 08.00 ден 16.00-ге дейін, екіншісі сағат 16.00 ден 00.00-ге дейін, ал үшіншісі сағат 00.00 ден 08.00 –ге дейін күзетеді. Әрбір криминалды учаскеге қатысты ауларларды түгел қамтитын жеке бағыттар белгіленді, мұнда жаяу патрульдеудің уақыты, бағыты көрсетілген.

Қылмыстың алдын алуға қатысты кешенді шараларды жүргізудің нәтижесінде қоғамдық

орындарда жасалатын қылмыс деңгейі 25,4%-ға, көшелердегі қылмыс 30,7 %-ға төмендеген.

«Сонымен қатар әкімшілік тәртіп бұзушылыққа «нөлдік төзім» принципі қалыптасуда. 111 мыңнан астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталды, айыппұл сомасы 979 млн теңгеден астам.Қала полициясы жүргізіп жатқан ескерту шаралары құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға ықпал ететін болады», - деп атап өтті С. Күдебаев.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы құрылысшылары қазмазмұнды ұлғайтуға және әлеуметтік нысандарды салуға дайын »»
26 ақпан 2020 - 18:17
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.   Мегаполисте тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. Егер өткен жылы 2,1 млн шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 19,5 мың пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде, 1553 мың шаршы метр коммерциялық құрылыс немесе 16029 пәтер, 593 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 2374 тұрғын үй. Мемлекеттік бюджет еесбінен 64,...
Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті »»
25 ақпан 2020 - 17:17
Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге "Медведи" жеке хоккей клубының өкілі де қатысты.   Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді. Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алмат...
Алматының сәулетшілері мен белсенділері мегаполистің дамуын талқылады »»
25 ақпан 2020 - 17:39
Қазір 30 қоғамдық кеңістіктің жобалары әзірленуде.   Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінде кешенді іс-қимылды қажет ететін шешімдерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.   "Бүгін танымал және жас сәулетшілермен, қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстелде» қаланы дамыту мәселесінд...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56